Бүгін 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2023 сарбаздарына салтанатты түрде қару-жарақ табысталды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық барысы пысықталды
Көктемде су басуы ықтимал елді мекендердің тізбесіне сәйкес, облыста қауіпті аймақтарда орналасқан 89 елді мекен бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.
Мирастың ұстанымы
Жуырда Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінде қостанайлық Мирас Жылқыбаев жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 11-сыныбында оқиды. Бұл жеңіс Мирастың, мектептің, ауылдың немесе ауданның ғана емес, облысымыздың жеңісі болды. «Көп тіл білу – заман талабы». Бұл – жеңіске жету жолында өзіне таудай талап қоя […]
«Отаншыл, адал, іскер адам елді дамытады»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде «Әділетті Қазақстан» құруымыз қажет деп жариялады. Ол бұл жайлы бірнеше рет айтты. Осы мақсатқа жету үшін, дамыған елдердің қатарына қосыламыз десек заманға сай көзқарасымызды нақты іс-қимыл жасауымыз керек. Елімізді күні кеше Үкімет басшысы ауысты.
Жаңа жасаққа сенім мол
Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастыруға қадам басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан жасақталған Үкіметке жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет екенін айтты. Маңызды шешімдерді шұғыл қабылдап, көп созбай шешуші қадамдарды жасау керек екені де белгілі.
Шұғыл әрі нақты шешімдер қажет
Еліміз ілгері даму үшін оң өзгерістердің қажет екені белгілі. Міне, сондықтан Президентіміз үкіметті таратып және оны қайта жасақтап отыр.
Елімізде жасөспірім қыздарға екпе алу ұсынылды
Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу қолға алынбақшы. Бұл шара ата-ананың жазбаша келісімімен жаңа оқу жылының басында қолға алынғалы тұр. Демек, 2024 жылдың күзінде, Қазақстан Республикасының мектептерінде толығымен тегін алуға болады.
Облыста қызылша дерті азайды
Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша 2023 жылдың сәуір айынан бастап өңірде қызылшаның 397 жағдайы тіркелген. Осы айда диагноз 178 адамда расталды.
Облыстық қазақ драма театры әлем классикасын сахналауға кірісіп кетті
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры өткен жылы көрермендерге 6 жаңа қойылым ұсынған еді. Биыл 9 спектакль жоспарланып отыр.
Экономиканы ырықтандыру туралы Жарлық әзірленеді
Елімізде Ұлттық компанияларды IPO-ға шығару мәселесін қайта қарауды талап етеді. Бұл істе негізгі мақсат – мемлекеттік активтердің тиімділігін арттыру болып отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Корпоративтік басқарудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу қажеттігін сөз етті.