Әдебиет апталығының үшінші күні “Жырлайды жан жүрегім жақсылықты” поэзия кешімен жалғасты. Онда жыр әлеміне енді қанат қаққан жас қаламгерлер өздерінің тырнақалды туындылары мен еліміздің ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқыды.
Қостанайда қызылшаға қарсы егу шаралары басталды
Қараша айынан бастап Қостанай облысының медициналық ұйымдарында 6-10 айлық балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша иммундау басталды.
Қаржылық мониторниг агенттігі экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған Telegram ботты іске қосты
Осы құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы бір рет басу арқылы хабарлай алады.
Облыстағы әрбір бесінші қылмыс масаң күйінде жасалады
Жылдың басында 2 адам өлтіру және 10 дене жарақатын зақымдау фактісі орын алды. Бұл қылмыстардың себебі, алкогольді ішімдіктерден туындайтын кенеттегі қақтығыстардан орын алып жатыр. Олардың дені алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сатып алғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық прокуратурасы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.
Арқалықтағы ойын алаңының құрылысы кейінге қалды
Родина ауылына қарасты «Олимпиский» кентіне құны 1 млн 900 мың теңге тұратын балалар ойын алаңы орнатылмақ. Қазіргі уақытта қажетті материалдары жеткізіліп, төсемтас төсеуге әзірлік жұмыстары басталған.
Қосымша білім беру жүйесі Қостанайдың аудандарында қолданысқа енді
Білім беру саласындағы олқылықтарды жойып, білім сапасын көтеруді көздейтін қосымша білім беру өңірдің бірқатар мектептерінде ашылып жатыр. Әсіресе, облыс орталығында жақсы жолға қойылған. Оның облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі де растап отыр.
Шалғай ауылда шағын стадион мен интернат үйі қалпына келтіріледі
Келесі жылы Жанкелдин ауданы Шеген ауылында аудандық спартакиада өтеді. Соған қарсы біраз ауқымды жұмыс жоспарланған. Ескі стадионды жөндеу үшін жобалық-құндық құжаттары әзірленіп жатыр. Егер жаңа жылға дейін бекітілсе, келесі көктем айларынан бастап стадионды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Шегенге ауыз су келді
Шеген ауылы – Жанкелдин ауданының орталығынан он сегіз шақырым қашықта орналасқан елді мекен. Кезінде үлкен бір кеңшардың орталығы болған ауылда қазір жетпістен астам үй түтін түтетіп отыр.
Сарыкөл көшелері күрделі жөндеуден өтіп, бағдаршам орнатылып жатыр
Соңғы жылдары Сарыкөл ауданында халықтың әл-ауқаты жақсарып, маңызды мәселелер оң шешімін тауып келеді. Соның ішінде жол мәселесі де тұрақты назарда болып, әр жылы кент орталығында және елді мекендерде көшелер асфальттанып жатыр. Мысалы, аудан орталығындағы бірқатар жолдың жаңа кейіпке енгенін айтуға болады.
Қостанайда смарт-орталық ашылды
Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында «IQOSTANAY» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Мұнда 600-ден астам бала түрлі үйірмеге қатысып, жан-жақты дамуына мүмкіндік алмақ.