Атамнан бір естелік естіп едім, Сол сырлар көкейімді тесті менің. Сұрапыл сұм соғыстың зардаптары Кетіріпті берекесін есті елдің. Арғы атамның ерліктерін еске алып, Отан үшін отқа талай түсті дедім. Тәуелсіздік жылында туғаннан соң Сұрамасам бұл жайлы білмес едім. Ия, бұл сұм соғыс талай отбасының берекесін кетіріп, асыраушыларынан алыстатып, елдің ойранын шығарғанын тарихтан оқып, біліп келеміз. […]

Қоғам індеті. Емі не?
Мемлекет пен қоғам тарапынан есірткімен күрес күн тәртібінен түспейтін түйткіл. Осыдан 15-20 жыл бұрын нашақорлық кесірінен ажал құшып жатқандар, кеселді заттарды жұтып алып шекара кесетіндер, ұшақта, вокзалдарда, әуежайларда ұсталатындар жайында батыс фильмдерінен ғана көруші едік.
Лисаков қаласында ауыз суды тың технологиямен тазалап жатыр
Ауыз суды бұрынғыдай хлормен тазалау әдісі қазір қолданылмайды. Оның орнына арнайы реагент пайдаланылады. Жаңа жүйені елімізде алғаш болып Лисаков қаласы енгізіп отыр.
Қостанайда кампус үлгісіндегі жатақхананың алғашқы іргетасы қаланды
«Allur» автозауыты салып жатқан тоғыз қабатты нысан институт, колледж студенттері мен қаладағы кәсіпорын жұмыскерлеріне арналған.
Биыл Арқалық қаласында көпқабатты үйлерді жөндеуге бюджеттен қомақты қаражат бөлінді
Биыл Арқалық қаласында көпқабатты үйлердің сыртын бояуға және төбесін жөндеуге облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінген. Осы қаражатқа қаладағы 14 көпқабатты үйдің сыртын бояу, 10 үйдің төбесін жөндеу қарастырылған.
Қостанай облысында 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда
Қонай шағын ауданында 30 көп қабатты тұрғын үй бой көтереді. Оның тоғызы пайдалануға берілді. Ал, 11 үйдің құрылысы биыл толық аяқталады. 2024 жылы қалған 10 үйге тұрғындар қоныстана бастайды.
Биыл жиырмадан аса ауылға су тартылады
Биыл облыс аудандарының жиырмадан аса ауылына сапалы ауыз су тартылады. Осылайша, 2025 жылға дейін Қостанай облысының барлық елді мекендеріндегі бұл мәселе шешімін табады. Облыс әкімдігінде өткен жиында энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау мәселесін баяндап берді. Сумен жабдықтау жобаларын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. 2020 жылы 11,1 млрд теңге […]
Отандық өндірістің өрісі кең
ҚР Парламент Сенатының бір топ депутаты мен мемлекеттік органдардың жауапты мамандары Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Агромашхолдинг» зауыттарында болып, өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты. «Allur» зауыты еліміздегі ірі автоөндіруші кешен. Мұнда жеңіл, жүк және автобус көліктері шығарылады.
Қор лауреаттары Қостанай сахнасында
Жастар сарайының концерт залында Назарбаев қоры сыйлығының лауреаттары концерт берді. Бұған дейін өнер иелері музыкалық білім беру мекемелерінде шеберлік сағаттарын өткізген еді.