№4. Әмина Базарбаева

№4. Әмина Базарбаева

«Иықтан шашы төгіліп жерге» фотобайқауының келесі қатысушысы – Әмина Базарбаева. Ол 14 жаста. Қостанай қаласындағы №15 орта мектептің 7 «А» сыныбында оқиды.

Әмина – біліммен қоса, спорт пен өнерді жанына серік еткен жас талап. Бүгінде КаратеКекушинкай жекпе-жегімен айналысады, 2КЮ (қоңыр) белбеуінің иегері. Сондай-ақ, Қостанай қаласындағы Балалар шығармашылығы мектебіндегі «Алтынай» халықтық үлгілі би ансамблінің белді бишісі. Көптеген халықаралық би байқауларының Гран При иегері атанған. Әминаға бұрымдылар байқауында сәттілік тілейміз!

Жаңалықтармен бөлісу