Сәуір (2024)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 Сәуір, 2024

Арқалықтың жапа шеккен тұрғындары тәуелсіз сарапшылардың қорытындысына қанағаттанбай отыр. Жағдайды түсінген штаб бес нысан бойынша қайта тізім жасады.

17 Сәуір, 2024

Жағажайға жақын орналасқан қала тұрғындары су басып қалған баспаналарының жай-күйі мен келешегіне алаңдаулы. Қостанайға жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова олардың жағдайымен танысып, назына құлақ түрді.

17 Сәуір, 2024

Жанкелдин ауданында жағдай тұрақталып келеді. Өткендегідей емес, су деңгейі едәуір түскен. Алайда, көптеген елді мекен әлі жарықсыз, байланыссыз отыр.

17 Сәуір, 2024

Су тасқынынан келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, оны алдын ала бағалау бойынша 73 үй тұруға жарамсыз және қалпына келтіруге жатпайды деп танылды.

17 Сәуір, 2024

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапары барысында мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығына барып, арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар және су тасқынынан зардап шегіп, сол жерге уақытша орналыстырылған тұрғындармен кездесті.

17 Сәуір, 2024

Арқалықта көктемгі су тасқыны кезінде қиын жағдайда қалған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары әлі де қарқынды жүру үстінде.

Тобыл – Торғай Тынысы

17 Сәуір, 2024

Арқалықта көктемгі су тасқыны кезінде қиын жағдайда қалған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары әлі де қарқынды жүру үстінде.

17 Сәуір, 2024

Кеше жұмысын бастаған облыстық  штабтың Арқалық өңірлік штабының мүшелері бүгін қалаға қарасты су басқан Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарында болып, халықпен кездесті. Төтенше жағдайлардың салдарларын өз көздерімен көріп келді.

16 Сәуір, 2024

Олардың қатарында “Жайлы мектеп” жобасы аясында іргетасы қаланған 900 орындық мектеп, оның аумағындағы кірме жолдар, екі бірдей дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жылу, электр, құбыр желілері бар.

16 Сәуір, 2024

Әлеуметтік нысанды жөндеуге бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлінді. Мердігері «Ильмур» ЖШС -мен  алдағы қырық бес күнде жөндеуін толық аяқтауға шарт жасалды.

12 Сәуір, 2024

Қарғын су Сарыкөл ауданын да аз әуреге түсірген жоқ. Әсіресе, Севастополь ауылдық округінің халқын үрейге салды. Алайда алдын алу шараларына ел болып жұмылудың арқасында қауіптің беті ары қараған.

Қостанай ақпарат

16 Сәуір, 2024

Әуежай шағын аудандағы №45/3 мекенжайындағы тұрғын үй шамамен бес жыл салынды. Құрылысын бірнеше мердігер  ұйым жүргізіп, алдыңғылары сенімді ақтамай тапсыру мерзімі ұзап кеткен еді.   Таяуда салынып біткенімен, болашақ қоныстанушыларға бір ай күте тұруларына тура келеді.

13 Сәуір, 2024

Бүгін Қостанай қоймасы Қарағанды жұртынан жеткен гуманитарлық жәрдеммен толыға түсті. Көл-көсір көмекті сол облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері жеткізіп беріп отыр.

Жаңалықтарды бізге WhatsApp-та хабарлаңыз
8 771 213 72 02

Pin Up pinup-az.com-də qeydiyyatdan keçin və 300 pulsuz spin bonusu əldə edin

Сайттағы материалдардың барлық құқықтары ҚР “Авторлық және сабақтас құқықтар туралы” Заңымен қорғалған. Сайт материалдарын көшіріп басқан жағдайда ақпарат көзіне гиперсілтеме жасалуы міндетті.