Наурыз (2024)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

ЖАҢАЛЫҚТАР

28 Наурыз, 2024

Бұл жерге Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы, арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының және жергілікті полиция қызметінің 40 қызметкері, 7 бірлік техника,оның ішінде жоғары өтімді 3  техника, 2 қайық жіберілді.

28 Наурыз, 2024

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге келді. Арқалық жастары су кірген үйлерді қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

28 Наурыз, 2024

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ғылыми кеңестің шешімімен ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, білім мен ғылымға мол еңбек сіңірген оқытушыларға «Құрметті профессор» атағы берілді.

28 Наурыз, 2024

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен Рудный қаласында Ы.Алтынсариннің тұңғыш ашқан мектебінің 160 жылдығына арналған “Ыбырайдың тұңғыш жаққан шырағы ” атты “ Жас тұлпар ” облыстық оқушылар айтысы өтті.

28 Наурыз, 2024

Жанкелдин ауданындағы су тасқыны жергілікті билік өкілдерінің назарында. Қазіргі уақытта Шеген – Ақшығанақ, Шұбалаң мен А. Байтұрсынұлы ауылдарына қатынас уақытша тоқтатылып, көліктерге шектеу қойылды.

27 Наурыз, 2024

Аманкелді ауданы әкімінің штаб отырысы өтіп, онда Үрпек ауылының халқы эвакуацияланатыны туралы айтылды.

Тобыл – Торғай Тынысы

27 Наурыз, 2024

Қостанай облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясы ұжымы және Гаджибалаев Рафаил Сададдин оглы Қостанай облыстық “Бірлік” Әзірбайжан қауымдастығының төрағасы қарғын судан зардап шеккен Аманкелді ауданына инертті (1000 дана қапшық, қолғап 500 дана, және күректер) көмек жіберді.

27 Наурыз, 2024

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар орын алған облыстың оңтүстік аудандарындағы атқарылып жатқан іс-қимылдардың жай-жапсарымен өзі тікелей келіп танысты.

27 Наурыз, 2024

Аманкелді ауданындағы су тасқынының толастар түрі көрінбейді. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен халықтың қазіргі жай-күйінен тұтас ел хабардар болып отыр. Осынау қиын сәттегі Аманкелді ауылының азаматы, жеке кәсіпкер Данияр Достиярұлы Кайнековтің ерлігін атап өтпеске болмайды.

27 Наурыз, 2024

Қостанай облысының оңтүстік өңірлері, яғни Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандары тасқын судан қатты зардап шегуі мүмкін. Ел азаматтары, қалың жұртшылық осылай деп дабыл қағып отыр.

27 Наурыз, 2024

Бүгін тасқын су зардабын жою шаралары жалғасып жатқан облыстың оңтүстік өңірлерінің төтенше іс-қимылдарын бақылау үшін  облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ТЖД бастығы полковник Қайрат Қасым арнайы жұмыс сапарымен барды.

Қостанай ақпарат

27 Наурыз, 2024

Күннің күрт жылынуынан еріген қардың зияны қостанайлықтарға да тиіп жатыр. Әсіресе, қаланың солтүстік батыс бөлігінде орналасқан аумақтарды су жайлады.

26 Наурыз, 2024

“NurCom Building” ЖШС Қостанайдағы Победа көшесіндегі жалпы көлемі 0,7 га жер учаскесінде 11 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүзеге асыруды қолға алған болатын.

Жаңалықтарды бізге WhatsApp-та хабарлаңыз
8 771 213 72 02

Pin Up pinup-az.com-də qeydiyyatdan keçin və 300 pulsuz spin bonusu əldə edin

Сайттағы материалдардың барлық құқықтары ҚР “Авторлық және сабақтас құқықтар туралы” Заңымен қорғалған. Сайт материалдарын көшіріп басқан жағдайда ақпарат көзіне гиперсілтеме жасалуы міндетті.