Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды…
Сәуір (2024)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 Сәуір, 2024

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIIІ сессиясы өтті. Биылғы тақырып – «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу». Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты. Олардың қатарында жерлесіміз Екатерина Гедзур да бар.

25 Сәуір, 2024

Түрлі жағдайлардың әсерінен жетім қалған балаларға қамқорлық қана емес, тұрмыстың тауқыметін тартқан отбасыларды қолдау мақсатында құрылған «Ана үйі» он жылдан бері қиындыққа тап болған аналарға психологиялық көмек көрсетумен айналысып келеді.

25 Сәуір, 2024

Қазір тәуелсіз ел болдық. Қолымыз көп нәрсеге жетіп, рухани құндылықтарды сақтап қалу жолында күресіп жатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өткен екен. Содан бері тарихшыларымыз не тындырды? Келешекке қалдырар көрнекті дүние жасай алды ма? Осы жайында Қостанайға келген  белгілі академик, тарихшы Ханкелді Әбжановпен сұқбаттасудың орайы келген еді.  

25 Сәуір, 2024

Облыстың су тасқынынан зардап шеккен оңтүстік өңірлерінде жүз қаралы тұрғын үй салынбақ. Баспана құрылысына еліміздегі ірі компаниялар да үлес қосуды жоспарлап отыр. Тұрғындарға пәтер алып беруге үкімет тарапынан да қаржы бөлу көзделген. Атқарылатын жұмыстардан жұртшылықты хабардар ету жұмыстары да белсенді жүргізіп жатыр. Облыстық басқарма өкілдері мен облыстық штаб басшылығы баспасөз мәслихатында осы жөнінде мәлімет берді.

25 Сәуір, 2024

Президент қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізетінін айтты. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам баспақ.

25 Сәуір, 2024

Енді төтенше жағдай жарияланған өңірлерде атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар тиісті органдарға барып, құжат тапсырудың керегі жоқ. Базадағы тізім бойынша жеке куәлік арқылы жағдайы анықталады, сөйтіп тиісті көмек аударылады. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов айтты.

Тобыл – Торғай Тынысы

25 Сәуір, 2024

Республикалық ғарыштық байланыс орталығы Арқалық қаласына қарасты 10 ауыл мектебіне STARLINK жоғары жылдамдықты интернет желісін қосты.

24 Сәуір, 2024

Қазір Жанкелдин ауданында судың деңгейі түсті. Жағдай бір қалыпты. Енді тасқынның зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

24 Сәуір, 2024

Штаб мүшелері «Арқалық қаласының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның» кезекті отырысына қатысты.

23 Сәуір, 2024

Президент мемлекеттің қаржысын қатаң үнемдеу режимін енгізілгенін, қаражат зардап шеккен халыққа бөлінетінін жеткізді.

23 Сәуір, 2024

Қамысты өңірі өзен-көлге бай, аң-құстың әрі-бері кедергісіз өтетін үлкен дәлізі. Бұл өңірдегі Талдыкөл-Қулыкөл айдындары арқылы көктем уақытында солтүстікке, солтүстік-шығыс пен солтүстік-батысқа және күзде кері қарай миллиондаған құстар ағылып жатады.

Қостанай ақпарат

24 Сәуір, 2024

ҚазАвтоЖол ҰК АҚ Қажсервис ЖШС және жол полициясы өкілдерімен бірлесіп, “Жолда қабылдау” акциясын өткізді.

24 Сәуір, 2024

Бүгінде тұрғын үйлердегі көлік тұрағы мәселесі  өзекті. Көптеген жаңадан салынған үйлерде тұрақ тапшы. Қала әкімі осы жағдайды құрылыс компаниялары қатаң ескерулері керек екенін айтты. Бұдан былай тұрақ мәселесі туындайтын көпқабатты үйлер пайдалануға берілмейтінін жеткізді.

Жаңалықтарды бізге WhatsApp-та хабарлаңыз
8 771 213 72 02

Pin Up pinup-az.com-də qeydiyyatdan keçin və 300 pulsuz spin bonusu əldə edin

Сайттағы материалдардың барлық құқықтары ҚР “Авторлық және сабақтас құқықтар туралы” Заңымен қорғалған. Сайт материалдарын көшіріп басқан жағдайда ақпарат көзіне гиперсілтеме жасалуы міндетті.