Досжанова Қымбат Мұратбекқызы

IMG_3157

 

 

Досжанова Қымбат Мұратбекқызы

 Лауазымы: Tілші

 Жұмыс телефоны: 54-28-42

 

 

 

 

1990 жылғы 10 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. 2008-2012 жылдары аралығында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ында білім алды. Мамандығы-журналист. 2005 жылы «Айгөлек» балалар журналының «Жас тілші» куәлігімен марапатталған.  2011 жылы Астана қаласында өткен XIV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Проза» номинациясымен қатысып, арнайы грамотаға ие болды. 2011 жылы Петропавл қаласында өткен жас журналистер арасындағы байқаудың жүлдегері. 2011 жылы облыстың  БАҚ журналистерінің байқауында «Жігер» номинациясының жүлдегері. 2011 жылы «Тобыл толқыны» альманахына әңгімелері енді. 2013 жылы Астана қаласында өткен  журналистер арасындағы Халықаралық форумның қатысушысы. 2013 жылы «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған байқауда «Аймақ жаңалықтары» номинациясының жеңімпазы атанды.

Тілші Қымбат Досжанова 2012 жылдан бастап облыстық «Қостанай таңы» газетінде жұмыс істейді. Автормен [email protected], https://twitter.com/kym_dos, https://www.facebook.com/[email protected]  мекенжайындағы мой мир, твиттер, фейсбук сынды әлеуметтік желілерде пікір алмасуларыңызға болады.

↓