Директор-Бас редакторы — Жанұзақ Аязбеков

Ayazbekov_9  
   1977 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  журналистика факультетін және 1984 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.
   Ол алдымен Қостанай облыстық телевизия және радио комитетінде  қатардағы редактор болып жұмыс істеді. Одан соң жастар редакциясының меңгерушісі, аға редактор, облыстық радионың бас редакторының орынбасары (1977-1988);
   Қостанай облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы (1987-1991);
   Қазақ радиосы мен Қазақ теледидарының «Қазақстан» және «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі  (1991-1995);
   Қостанай облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, осы компания құрылымындағы «Заман» телеарнасының директоры қызметтерін атқарды (1995-1998);
   1998 жылдан 2014 жылдың наурызына дейін  Қазақстан» Телерадиокорпорациясы АҚ  Қостанай облысық филиалы директорының орынбасары — Бас редакторы болып қызмет істеді.
   2014 жылдың  18 наурызынан  «Қостанай таңы» газетінің  Директоры – Бас редакторы болып қызмет істейді.
   Ж.Аязбеков  Мәскеуде өткен 4 Евразиялық телевизиялық форумына «Қазақ тұлпары»  авторлық  бағдарламасымен  қатысқан. (2001ж).
   «Қазақстан» РТРК телебайқауында «Апта» ақпаратты сараптау бағдарламасымен республикада 1 орынға ие болған ( 2002ж),  облыс әкімінің «Облыстық ең үздік репортері» атты арнайы сыйлығының жүлдегері (1999ж);
   Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің (2000ж), Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған;
   «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалінің иегері (2002ж);
   2008 жылы Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай «Алтын жаршы» төсбелгісі берілді.
   2009 жылы  «Қазақстанның Құрметті журналисі» құрмет белгісінің иегері .
   2014 жылы  Ж.Аязбековтың  «Ағайынның арасы» атты  тұңғыш  прозалық кітабы жарық көрді. Бұл еңбегіне автор өмірден  алынған  мысалдар негізінде әфсаналық қысқа да нұсқа н енгізген.
   2015 жылы «Кие  мен  ие» атты екінші кітабы шықты. Онда қазақ әдебиеті мен өнерінің корифейлері  Олжас  Сүлейменов, Қойшығара Салғарин, Нұрғали  Нүсіпжанов,   Ескендір Хасанғалиев, Нәбидолла Кикебаев  және басқалармен жүрекжарды сұхбаттары бар.
   Ж.Аязбеков  республикалық     «Жас алаш» ,  «Егемен  Қазақстан»,«Қазақ әдебиеті»  газеттері  «Жұлдыз»,  «Қазақстан әйелдері»,  «Жалын»  журналдарында  туған  жер, әдебиет пен өнер хақындағы салиқалы материалдар жарық көруде.
   2014   жылы  облыстық    Мұхаметжан Сералин атындағы сыйлыққа ие болды.
   2015 жылы Республикалық  Г.Толмачев атындағы  «Қазақстандағы ең үздік облыстық газеттің  Бас редакторы»   жүлдесін жеңіп алды.
   2017 жылы «Қазақ журналистикасының  қайраткері» деген құрметті атағы мен медаліне ие болды.
 
↓