Айлы мұрағат: Шілде 2017

20170731_155610_Film3 0

Қамысты ауданының әкімі ауысты

Бүгін Қамысты ауданының әкімі ауысты. Ауданның бұрынғы басшысы Жаңабай Бисембаев "Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасының орынбасары болды. Ал, аталмыш партияның бұрынғы басшысы Ғазиз Бекмұхамбетов Қамысты ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.

cRhFIhbCbRI 0

Тағы да жол апаты

Бүгін Қостанайда жол апаты тіркелді. ЖКО таңертең Баймағамбетов және Леонид Беда көшелерінің қиылысында болған. "Лада Пирора" және "Лада Гранта" такси қызметінің көлігі қақтығысқан. Салдарынан такси жүргізушісі оқиға орында көз жұмды дейді куәгерлер.

мектепп 0

Сабақ 2-қыркүйектен басталады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, биылғы оқу жылы 2-қыркүйектен басталуы мүмкін. Бұл мәселе әлі де минитрліктің бақылауында. Биыл 1-қыркүйек Құрбан айт мерекесіне келіп тұр. Бұл күні қазақстандықтар демалуы тиіс.

тобол 0

«Тобыл» тағы да жеңілді (БЕЙНЕШОЛУ)

"Тобыл" сырт алаңда тізе бүкті. Атырауда өткен ойында қостанайлық команда қарсыласқа 1-0 есебімен есе жіберді. Осылайша, "Тобыл" ел біріншлігінің соңғы турын жеңіліспен аяқтап, турнирлік кестеде бесінші орынға сырғыды.  

photo_39767 0

Жол апатынан көз жұмды

Рудныйдан Ленин ауылына бара жатқан екі ер адам жол апатына түсті. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлайды Alau.kz. Басылымның мәліметінше, ағайындылар Рудныйға құрылыс материалдарын сатып алуға барған. Куәгерлердің "Москвич" көлігінің жүргізушісі рөлде...

селфи 0

Селфимен несие ала аласыз

Елімізде банк қызметін пайдалану үшін өз-өзіңді суретке түсіру міндеттелмек. Тек базадағы сурет пен селфи сәйкес келсе ғана қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат етіледі екен. Банкирлер жаңа жүйе қулығына құрық бойламайтын хакерлерге қарсы тұра алады...

Безымянный 0

СЫЙЫНА СЫЙЫМ ДАЙЫН

Бірінші шілдеден бастап елімізде мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолданысқа енгізілгені белгілі. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары және сақтандырылған тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық...

DSC_0767 0

Кеніштің әлеуеті артты

Сарыбай кенішінде ауқымды қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. «ССКӨБ» АҚ-да «Идеялар фабрикасы» жобасы қолға алынғалы шығарылатын өнімнің түрлері мен сапасын арттыру, еңбек өнімділігі мен еңбекті қорғау саласында жүздеген инновациялық идеялар нақты жүзеге асып,...

443-2 0

Шағын несиенің көмегі тиді

         Облыстағы 130 адам «Атамекен-Қостанай» шағын несиелік ұйымы арқылы жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін жандандыра түсті. Естеріңізге сала кетейіәк, бұл қаржылық ұйым осыдан бір жыл бұрын құрылған еді. Оның құрылтайшылары – «Атамекен» Ұлттық...

пьяный за рулем 0

180 мас жүргізуші ұсталған

Облыстық ІІД қызметкерлері жыл басынан бері автокөлік рөліне мас күйінде отырған 180 жүргізушіні тоқтатқан. Оның үстіне, барлық тұтылғандар бұрын да соттың араласуымен жүргізуші көлігінен айырылған болып шықты. Соңғы оқиғаны мысалға келтірсек, 26 шілдеде...

мектеп 0

«Мәңгілік Ел» идеясы мектеп бағдарламасына енеді

Алдағы оқу жылында бастауыш және 5-7 сынып оқушылары орыс тілі, әлемтану, музыка және тағы да басқа пәндер бойынша жаңа білім алады. Балалар «Мәңгілік Ел» идеясы туралы айтылатын бейнематериалдар тамашалап, ашық сабақтарға қатысады. Бұл...

сеть 0

Жедел желі іске қосылды

Қазақстанда азаматтарға дін саласы бойынша кеңес беретін «114 жедел желі» — www.114.kz ресми сайты іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «114 жедел желісі»...

IMG_8809-19-07-17-11-06-1-640x494-1 0

Қарсылас – есірткі жарнамасы

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер Қостанай қаласындағы үйлердің қабырғасындағы есірткі жарнамасына қатысты мәлімдеме жасады.Айтылмыш дерекке байланысты есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері ҚР ҚК 297 бабына ("Есірткілік заттарды сату") сәйкес қылмыстық іс қозғады.  Сотқа...

Hide me
* * * Күзгі күртке, 46 өлшемді, жаңа, Түсі -сары, кымбат емес. Тел: 87472296068 * * * 44 өлшемді тон сатамын, қоңыр түсті, жалбағайлы, іші ақ, ешкі терісінен жасалған; 42-44 өлшемді сырт киім, қара түсті, жағасы сазқұндыз терісінен жасалған. Барлығы да б/к, арзан, тел. 87015611570 * * * 5-6 жастағы қыздарға арналған қысқы киім жиынтығы (үшеу), астары тоқыма күртеден жасалған «Crockid» комбинезоны, қысқы киім жиынтығы (екі) күртке және комбинезон (Түркия) * * * Flamingo, Tiflait таза былғарыдан жасалған қысқы аяқ киімдер. Қымбат емес 87771583163 * * * Нуга бест емдік мамығын сатамын, жаңа, қаптамадан алынбаған +77077673911 * * * Мектеп костюмін сатамын, ақ жейде, 10-11 жастағы балаларға арналған жылы джинсы, б/к тамаша сақталған. Қымбат емес +7 701 7824627 * * * Мамырда өндірілген май сатып аламын 15 келі +7 7478351022 * * * «Тегін беремін» Қысқы күртке, былғары, б\қ, 44-өлшемді, түсі - ақшыл, Тел. 87472296068.
Show me
↓