Көрген көзде жазық жоқ

IMG_1683 0

Көктемдегі көшелер көрінісі (БЕЙНЕБАЯН) 

Қостанай қаласындағы мына көше Ахаң атында. "Байтұрсынов көшесі, 168" мекенжайында көлік тұрмақ адам аттап өте алмайтын шұңқыр бар. Қазір арықтың "рөлін" атқарып жатыр. "Жыландай жеті кесілген" жолдардың жай-күйімен таныстыруды жалғастырамыз.     Бейнені...

IMG_1187 0

Қостанайдың жолы болмай тұр

Қостанайдағы барлық жолдардың шұрық-тесігі шығып, жұртшылықтың жүйкесін тоздырып бітіргелі қашан. Тұрғындардың, тіпті, Елбасыға хат жазуға бекінгені де бар. Алайда, жергілікті билік уәделерін үйіп-төгіп, елді сабасына түсірді. Сонда да, айдарымызда сиқы қашқан Қостанай көшелерінің суретін жариялап...

a5073b0da7d26370230762d661c1a396_XL 0

Көрген көзде жазық жоқ (ВИДЕО)

Құрметті оқырман! "Көрген көзде жазық жоқ" айдары бұдан былай қазақ тіліндегі қате жазбаларды ғана емес, көшелерде кездесетін кез келген олқылықтарды назарға алады.  Көлік иелерінің дегбірін қашырған шұрық-тесік жолдар, лас көше, шашылған қоқыс, жалпы...

jshOV_F6ul4 0

Көрген көзде жазық жоқ

Кезекті бір "бас қатырғыш". Мынаның орысшасы тұрмақ, украиншесі түсінікті. Әйтеуір "аудармашылар" қазақшаны "бұзады" да жүреді. (Қостанайдағы сауда нүктелерінен кезіктіре аласыз) 

bVS2bFZo1mk 0

Көрген көзде жазық жоқ

Қазақша аудармасы тұтынушыларды қызықтырудың орнына төбе шашын тік тұрғызады екен. "Ненің емес кімнің еті?!" деп шошып түседі екенсің. Дұрысы, "Ақерке" емес, "Ақсерке" болса керек (немесе "қызыл балық").

b4NYDFvLfGY 0

Көрген көзде жазық жоқ

Нақ қазақшадан қателік жіберу хабарландыру жазушылардың міндеті сияқты көрінеді кейде. Мына кадрлар №3 қоғамдық көлікте жасалды. Мұндай ақпарат барлық автобустарға ортақ екенін ескерсек, ана тілдегі ағаттықтардың қаншама көшірмесі қала ішін шарлап жүр десеңізші!

↓