Бас редактор блогы

аязбеков 0

Ақзере

-Апыр-ай,  Ақзере әжеміз де дүниеден озды-ау! -Жарықтық қазақы қасиетті де бірге ала  кетті. -Бәрінен бұрын, Айтан  атама  қиын болды.      Зират басында  мүрденің топырағы үйіліп, құран оқылған соң жақын-жора өзара күбірлесіп тарқасты. Айтан ата...

article3383 0

Бірер сөз

Серағаң мен Биағаңның қолтаңбасы бар қастерлі басылымның табалдырығын аттағалы екі жыл да болып қалыпты.  Жалынан сипатпайтын уақыт деген тұлпардың ырқында жеткен белесіміз де, асқан асуымыз да бар. Алғашқы келген жылы былай деппіз: «Жыл...

article3383 0

Ақпанда

…Кіндігінен  жараған жорғадай  "Nissan PatroI" күре жолда заулап келеді. Ақпанның қылаулай жауған қары бірте-бірте үдей түсіп, соңы қарлы боранға ұласты. Салонның артқы жұмсақ креслосында отырған – Мәкең.  Мәкең астаналық ірі фирма президентінің оң...

article3383 0

Ашық әңгіме

Мәкеңмен жиналыстан бірге шықтық. Мана кіргендегі жаймашуақ көңілден із де қалмаған.  Түрі сұп-сұр. – Ана әкімнің ой-өрісі белгілі болды. Бары сол, тегіңді ұрайынның білгені осы болса, енді не істейсің, – деді ызбайлана, – олардың...

article3383 0

Дүмбілездер дендеп барады

Осы биыл,  қаң-тардың алтысы күні түс кезінде қазақ радиосы "Қас қа-ғым" ойынын беріп жатты. Жүргізуші байланысқа шыққан тыңдарманнан: "Көксерек" киносындағы Құрмаштың рөлін сомдаған кісінің аты-жөнін айтуды сұрады. Сонда әлгі дап-дардай (даусынан аңғарсаңыз)  жігіт:...

e4710ea0caa54c5d561a4702a971c28e 0

Арма, ағайын!

Алдымен, Сіздерге деген ақжарма алғысымызды айтамыз: қолдарыңыз­дағы «Қос­танай таңы» биылғы жаңа 2016 жылда он бір мың данадан асып  шығарыла бастады. Бұл бүгінгідей  шыр­ғалаң шақтың өзін­дегі­ өңірдегі қазақ жұртының өз тіліне, өз діліне  деген...

article3383 0

Мешін жылы келеді

Қой жылы да көз ұшында бұлдырап барады. Ел біледі, естен кетпес уақиғалары мен оқиғалары да енді тарих еншісіне қалатын болар. Уақыт деген біреуге өкпе-наз айтар замандасың емес, дабысы мен тынысы кең ұлы ағыс....

article3383 0

«Жолдың аты — жол…»

Тысқа шыққанда күздің қара суығы өңмеңдеп-ақ тұр екен. Вискиден буы буқыраған  екі масаң тез-ақ қалтырап,  қолпаш-қошаметтен асыға сытылды. Артқы салонға жайғасқан қос мырзаны ала сүліктей  жалтыраған қара «Chevrolet» суырыла жөнеп  берген. Әп сәтте...

ZHan-za-Ayazbek-ly-250515 0

Табаны тиген…

Қазақ баласы үшін табаны тиген деген бір қасиет тұтар ұғым бар. Қырық жылдан аса  марқұм Бекқұл Садықұлы күніне кемі сегізден он екі шақырымға дейін жүгірді. Қазақтың ұлы даласы Арқа, Торғай жазығы, Сарыарқа, Қарқаралы, Жетісу...

article3383 0

УӘДЕ

Осы биыл оңтүстіктегі облыстың бірінде 1941 жылы майданға аттанып, жеті жылдан кейін елге оралған,  тоқсаннан асқан қарияға Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай қала басшылары үлкен сый-сияпат жасауға, атап айтқанда,  көлік сыйлауға уәде...

article3383 0

ШЫНДЫҚ

Қаладағы көше бойындағы қабатты тұрғын үйлердің алдыңғы жағынан қарасаңыз, жылтырап жұтынып тұр, ал арт жағына барсаңыз, көңіліңіз құлазып сала береді… ..Бір құдалықта көрдік. Ќұда сымдай тартылған сұңғақ, атжақты, ќалың шашты сымбатты жігіт екен....

article3383 0

«Қоңырдың» әні

Иә, «Алтын бесік» аңқылдай бергеннен-ақ, әннің әр сөзі әуенімен жібектей есіліп, санаңның сонау бір түкпіріндегі ең бір аяулы, ең бір нәзік пернелерін баса, маң-маң жүріске салып, жүрегіңді лүпілдете, жаныңды сөгілтіп, сыздатып қоя берді....

article3383 1

ЗАРЫҚҚАН

Зарыққан қалаға таңертеңгі пойыздан түсті. «Dala Hall» мейрамханасына таксимен келіп жетті. Әлі ерте екен. Бұл мейрамханаға қатарлас шағын кафеден барып оразасын ашты. Күзгі суықтан қара шәй бойын кәдімгідей жылытты. Бүгін құдай қаласа бәрін...

↓