Құқық

Квартирный вор 0

Қисапсыз қылмыс жасаған

Қостанайда арнайы құрылған жедел-тергеу тобы сериялы ұрлық жасауы мүмкін алты күдіктіні ұстады. Ұсталғандарға ұрлау мен тонауға қатысты жалпы көлемі 76 қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі...

ишкиш 0

Ішкіш қыз – 13-те

45 жастағы А. кәмелетке толмаған қызы алкоголь тұтынғаны үшін екі айда төрт мәрте 21 210 теңге көлемінде айыппұл төледі. Мамандандырылған сот қыздың анасын соңғы рет 18 қазанда жауапкершілікке тартты.  Тәртіп сақшылары 13 жасар...

вор 0

Пәтер тонап, алысқа ұзамады

22 жастағы азамат КСК шағын ауданындағы Тоқымашылар көшесі бойындағы бір пәтерге ұрлыққа түскен. Жәбірленушінің үйінен алтын бұйымдар мен жарты миллионға жуық ақшасы қолды болған.  Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті қолға түсті. Тәртіп...

сот 0

«Лаңкес» бас еркінен айырылды

Рудный қалалық соты ҚР ҚК-нің 243-бабы бойынша (терроризм актісі бойынша көрінеу жалған хабарлау) айыпталған 23 жастағы Ерлан Ақмырзаевқа қатысты сот үкімін шығарды. Еске салсақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде сағат 22.00 -ден 22.30 аралығында...

неблагоп 0

Жауапсыз анаға айыппұл салынды

Рудный тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған екі баласына қатысты ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, азаматша ішімдікке салынып кеткен. Сот отырысы барысында Р. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін толық мойындады....

кулекбеав 0

Күлекбаев өз өлімін «Қара бүркітте» күтеді

Өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев Қостанай облысында сот үкімінің орындалуын күтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елімізде тек осы өңірде өмір бойына сотталған адамдар болады. Қазақстанда өлім жазасына мораторий қойылуына байланысты, Күлекбаев мораторийді алып тастағанға дейін...

пожарный  1 0

Үш қабатты ғимарат өртенді

Бүгін сағат 00:33-те Қостанай қаласы Пушкин көшесіндегі 230 үй өртенді. Ғимарат – үш қабатты, бірінші қабатында дүкен мен монша орналасқан. Өрт аумағы 400 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен сағат таңғы 04:49-ға...

наша 0

32 келі есірткі сақтаған

Облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы қызметкерлері Қашар ауылы тұрғынының үйін тінту барысында аса ірі көлемді есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды "Алау" порталы.Күдіктінің үйінен барлығы 967,04 грамм гашиш есірткілік заты және 31 келі кептірілген...

дтп 0

Жасөспірімді көлік қақты

Күні кеше облыста жол-көлік оқиғаларының салдарынан төрт адам зардап шекті. Бұл мәліметті облыстық ІІД баспасөз қызметі растап отыр.  31 қазанда сағат 8.00-де Қайырбеков көшесімен "Солнечный" супермаркетінің жанында Көкшетау қаласының 47 жастағы тұрғыны "ВАЗ 210"...

тонкий лед 0

Жұқа мұздың құрбаны

Федоров ауданына қарасты Шаңдақ ауылы маңындағы өзенге 62 жастағы балықшы батып кетті. Қайғылы жайт жұқа мұздың сөгіліп кетуі салдарынан болған. Облыстық ІІД-нің хабарлағанындай, балықшы өзі қолдан істеген қайығымен болған. Жағадан 1 шақырым алыстап кетіп,...

этаж 0

4-қабаттан құлап мерт болды

Қайғылы оқиға 28 қазан күні Қостанай қаласының Ворошилов көшесіндегі үйде болған. Бұл ақпаратты облыстық ІІД растайды. Облыстық ведомствоның мәліметінше, 4-қабаттан 56 жастағы әйел өз еркімен секіріп кеткен. "Бұл шамамен сағат 15.00-де болған. Ол...

сот 0

Балалы ананы пәтерден қумақшы

Шағымданушы С. өзінің бұрынғы жұбайы М.-ны және оның бірінші некеден туған 10 жастағы қызын пәтерден  шығару туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген. Олар «Жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрамы 4 адамнан тұратын жанұя...

сот 0

Есепші еселеп жеген болуы мүмкін

Қостанайдағы футболдан балалар спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен сот алдында жауап берді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, ол жалпы алғанда 3 млн 448 мың 338 теңгені қолды еткен....

↓