Спорт

IMG-20150930-WA0029 0

САҢЛАҚТАР СҮРІНБЕДІ

Сочидегі спорт бәсекесінде жүрген спортшыларымыз – жеңіс тұғырында. Бұл байрақты додаға қатысу үшін әлемнің 35 елінен 800-ден аса спортшы келді. Ойын бағдарламасына жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, садақ ату, армспорт және паратхэквондо кірді....

горняк 0

«Горняк» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Атыраулық «Бейбарыстың» қақпасына жауапсыз төрт доп салып, «Горняк» кезекті жеңісіне қол жеткізді, -деп хабарлайды рудныйлық хоккей командасының баспасөз кықзметі.Бар-жоғы, он бес минуттың ішінде «Горняк» ойыншылары таблодағы есепті 3:0-ге жеткізді. Қонақтар ойындарын түзегісі келіп,...

футкарабалык 0

Ардагерлер құрметіне футбол ұйымдастырылды

Қарабалық ауданында мектеп оқушылары арасында ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған футболдан жарыс ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы футбол алаңына 9 оқу ошағының командалары шықты. Жалпы, қанқұйлы Ауғанстандағы соғысқа аттанған 22 мың қазақстандықтың 52-сі –...

photo_68930 0

Қоржынға үш ұпай салды

ҚР Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы кездесулер көкжиекке таяп келеді. 27-ші турда Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қонаққа барған «Тобыл» футболшылары ойламаған жерден үш ұпай олжалап оралды. Матчтың 23-ші минутында алаң иелері есеп ашқан болатын. Мирас...

CIB9T9MUMAALWiA 0

Дычко Дохаға аттанады

Катар астанасы Дохада өтетін бокстан әлем чемпионатында қостанайлық Иван Дычко бақ сынайды. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының шешімі бойынша төрткүл дүние көз тігіп күтіп отырған шаршы алаң "шайқасы" 5-15 қазан аралығында өткізіледі. Ел намысын...

IMG_1704 0

СЫМБАТТЫ МҮСІНДЕР САЙЫСЫ

Рудный қаласында бодибилдинг, бодифитнес және фитнес-бикини бойынша Қостанай облысының 4-ашық Чемпионаты өтті. Оған жергілікті атлеттерден бөлек Астана, Қарағанды, Теміртау сияқты қалалардан келген шымыр қыз-жігіттер қатысты. Бодибилдингтен алғашқы жарыс осыдан 114 жыл бұрын, 1901...

велопробег 0

Лисаковтан Астанаға дейін

Елордаға дейінгі қашықтық 700 шақырымнан астам қашықтықты құрайды. Осы араны велосипедпен 4 күн жүріп өткен лисаковтық Қайрат Төлебаев және тарандық қос жерлесіміз бұл жорықтарын қазақ хандығының 550 жылдығына арнады.  Қайрат Төлебаевтың сөзінше, олар Астанаға дейін...

6 0

ШАХМАТ ШЕБЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Рудный қаласындағы «Горняк» мәдениет сарайында халықаралық гроссмейстер, төрт рет Халықаралық шахмат олимпиадасының қатысушысы Петр Костенкомен бір мезгілде ойын сеансы болып өтті. Еуразиялық Топ (ERG) пен Қазақстанның шахмат федерациясының ұзақ мерзімді  әріптестігі аясында ұйымдастырылған...

oAXA3PUbBvQ 0

Қазақ күресінен ҚР кубогы аяқталды

 Атырау қаласында қазақ күресінен ҚР кубогы мәресіне жетті. Каспий өңірінде өткен палуандар бәсекесінде әр облыс командалық жекпе-жек бойынша және жеке салмақ дәрежесінде сынға түскен еді. Командалар арасында Қызылорда облысы бірінші орынды иеленсе, Жамбыл...

горняк 0

«Горняк» өз алаңында жеңіске жетті

Осы маусымдағы өз алаңында өткен алғашқы ойында рудныйлық «Горняк» жеңіске жетті. Жерлестеріміз өскемендік «ШКО» хоккей клубынан айласын асырды. Алаң иегерлері басымдылық танытып, кездесуді белсенді бастады. Ойынның бесінші минутында-ақ кеншілер есеп ашты. Ойынның екінші...

article515 0

Ағайындылар теннисте топ жарды

Ата Заңның 20 жылдығы мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған ашық республикалық турнир Елордадағы Ұлттық теннис орталығында өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген теннисшілер бәсекеге түсті. 30 жастан жоғары спортшылар ішінде лисаковтық Леонид Папертный бірінші орынды қанжығасына байлап...

399a9-Radost-igrokov-Tobola 0

«Тобыл» топ бастады

Футболдан Қазақстан Премьер-лига командалары арасында өткен кезекті 25-ші тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» Қызылордада, жергілікті «Қайсармен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.Он екінші минутта «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Огнен Красич есеп ашты.Арада сегіз минут өткенде...

Жерлесіміз Лаура Әлмағанбетова жаттықтырушысы Марат Жұмабаевпен бірге 0

Жерлесіміз — қола жүлдегері

Сарыкөлдік Лаура Әлмағанбетова жақында Босния және Герцеговина астанасы – Сараево қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен кадеттер арасында әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. 38 келіде сынға түскен жерлесіміз Лаура алдымен Польшадан келген...

↓