Министрдің аймағымызға сапары

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі тәртіп сақшыларының жұмысын және полицияның техникалық жарақтану деңгейін тексерді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство басшысы полиция қызметін жетілдірудің негізгі қағидаттарын жүзеге асыру бойынша Президент берген тапсырмаларды орындау барысымен танысты. Біріншіден, бұл халықпен жұмыс істеудің сервистік модельді, «Полицияның қадамдық қолжетімділігі» принципін және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу.
Министр жеке құраммен кездесу барысында департаменттің биылғы жұмысындағы басым бағыттарын айқындады. Өңірдегі қылмыстық ахуалдың тұрақты және құқық бұзушылықтың алдын алуда сақшылардың жұмысы өте маңызды екенін атап өтті.
«Жергілікті полиция қызметін жетілдірудегі біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан ұлттық сервистік моделінің негізгі тұлғасы – учаскелік полиция инспекторының тиімді қызмет атқаруы үшін біз барлық жағдайларды жасауды жалғастыратын боламыз», — дейді ІІМ басшысы.
Министр қала орталығындағы жиырма төрт мыңнан астам халыққа қызмет көрсететін «Набережный» тірек бекетіне ат басын бұрды. Мұнда құқық бұзушылықтың алдын алуда жергілікті шерифтердің жұмысы өте маңызды екенін баса айтты.
Қаланың орталық аумағына алты учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Бұл аумақта 24 мыңнан астам адам тұрады. Халықпен тығыз байланыс құруда шешуші шарттардың бірі – қызметтегі   тұрақтылық, учаскелік полиция инспекторы 11 жылдан астам уақыт бір орында тапжылмастан жұмыс істеп келе жатыр.  Учаскелік полиция аға инспекторы Ерік Уайысов құқық тәртібін қамтамасыз етуде өзіне полицияның екі ерікті көмекшісі және 3 волонтер көмек көрсететінін баяндады.
Сондай-ақ, Е.Тұрғымбаев полиция бөлімдерінің техникалық тұрғыда нығайтылу жағдайын және жедел басқару орталығының жұмысын тексерді. Ол 211 бейнебақылау камерасын, соның ішінде «Қауіпсіз аула» жобасы аясында тұрғын үй аулаларында орнатылған 60 бейнекамераны қамтиды. Камералардың көмегімен жыл басынан 60 қылмыс ашылып, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталыпты. Бейне камералар санын ұлғайту нәтижесінде облыс орталығында көше қылмыстарын 40 пайызға дерлік төмендетуге қол жеткізілді.  
Сонымен қатар, министр Қостанай облысында бес жыл қатарынан полицияның жаңа үлгідегі тұрақты 5 бекеті ашылатынын хабарлады. Қаланың жаңа шағын аудандарында тек биылдың өзінде жаңадан үш учаскелік полиция тірегі ашылады. Соның бірі жаңа техникамен жабдықталған «Юбилейный» шағын ауданында өз қызметіне кірісті.   
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың штаттық санын ұлғайтуға басты назар аударған болатын. Бүгіндері Қостанай облысының әрбір полиция бөлімінде осы бағытта жұмыс істейтін 19 инспектор тағайындалды.
Министр жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті полиция қызметін жетілдіру, сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары дәрежесін арттыру басым бағыттар екенін баса көрсетті.
Суреттерді түсірген С.Миронов

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓