Олимпиада озаттары марапатталды

Облыстың 77 оқушысы қатысқан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі биыл онлайн форматында өтті. Бүгін жүлделі орындарға ие болған 28 жеңімпаз өздерінің лайықты марапаттарына ие болды.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Айман Ибраева қатысушылардың әрқайсысы жеңіске жетіп, үздік атануы үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын атап өтті. 28 жеңімпаздың ішінен 7 оқушы бірінші, 9 оқушы екінші және 12 оқушы үшінші орынды иеленді. Облыс құрамасы «ҚР Үздік олимпиадалық командасы» номинациясы бойынша қола жүлде алды. Оқушылар химия, физика, биология, неміс тілі және өзін-өзі тану пәндерінен үздік нәтижелер көрсете білді.
Қостанай құрамасының арасында олимпиаданың қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары «Үздік олимпиада мектебі» атты номинацияда көш бастады. Олар физика, химия, биология, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен 8 медаль иеленді. Оның ішінде 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған. Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінің, Рудный қ., Федоров және Сарыкөл аудандарының № 5 гимназиясының оқушылары да табысты өнер көрсетті.
Биылғы жүлдегерлердің жартысы – 11-сынып түлектері. Олимпиададағы жеңіс пен ҰБТ балдары қосылып, мемлекеттік білім грантын алуға ықпал етуі бек мүмкін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓