Әдемі қала Лисаков

Шаны кала ЛисаковКүні бүгінге дейін шағын қалалардың тыныс-тіршілігі, қазақшалап айтқанда, "өз қазанында өзі қайнап" келген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бір салаға негізделген моноқалаларды дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылып, Үкімет шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама қабылдағаны белгілі. Ендігі жұмыстың беталысы қалай болмақ, қабылданған бағдарлама қандай нәтиже беруде? Оның барлығын алдағы уақыт көрсете жатар. Әзірге "Шағын қалалардың бүгінгі күндегі тыныс-тіршілігі мен жалпы жағдайы қандай, халықтың тұрмысы қай деңгейде?" деген мәселе көпті ойлантары анық.
 
Ел Үкіметінің шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда. Солардың бірі – елі-міздегі жас қалалардың бірі Лисаков та осы моноқалалардың қатарына еніп отыр. Барша- мызға белгілісі – Лисаков темір кенімен, түрлі сусындарымен аты шыққан қала.
Лисаков қаласында халық саны – 40 мыңнан асады. Бір байқағанымыз, шағын шаһарда қарапайым инфрақұрылымнан бастап, абаттандыру, көріктен-діру, жаңа нысандар салу, демалыс орындары мен саябақтарды жөндеу, жол-көлік қатынастарын ретке келтіру қатарлы іргелі жұмыстар атқарылған.
Жақын болашақта қала маңында мемлекеттік маңызы бар ірі жобалар дайындалып, жүзеге асырылмақ. Қазірдің өзінде бағдарлама аясында жасалып жатқан науқан айтарлықтай. Биыл қаладағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 90 млн. теңге бөлінген болса, жыл басынан бері тоғыз айда 9 жеке кәсіпкерге банктер 96,1 млн. теңге несиемен қаржыландыруға ниет білдірген. Ал жаңадан шаруа бастағысы келетіндер де назардан қалмақ емес – қазір төрт кәсіпкерге 6,7 млн. теңге грант бөлініп отыр. Сондай-ақ, қазір азаматтардың шағын несие алуына мүмкіндік зор, бұл бағытқа 25 млн. теңге қарастырылған. Оған 11 адам өтініш білдірген болса, олардың үшеуіне келісім берілді. Мәселен, жуырда қалада тігін цехы ашылды. Нәтиже-сінде 11 қыз-келіншек жұмысқа орналасты. Бұл жоба "Шағын қалаларды дамыту" бағдарламасы бойынша іске қосылды.
Иә, мемлекетіміздің экономикасы шатқаяқтап бір қалыпқа түсе алмай жатқан кезде, шағын қалалардың өмірі бір кезеңдерге дейін еленбей де келген шығар. Дегенмен, бүгінгі атқарылып жатқан шаралар Лисаковтың болашақта көркейіп, гүлденетін қалаға айналатынына нық сендіреді. Қала тұрғындарының басты жұмыс көзі – аймақта орналасқан кен орындары. Жергілікті халықтың басым көпшілігі осы өндіріс орындарында еңбек етеді.
Уақытында Лисаков қаласының құрылуы да тау-кен өндірісімен байланысты. Былайша қарағанда, бұл қаланың өзі о баста белгілі бір салаға негізделіп құрылған. Лисаков қаласының осы және де өзге мәселелері жөнінде Лисаков қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғалия Полторадина әңгімелеп берді.
DSCN4547– Бүгінде Лисаков  қаласына Үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Қаланың экономикасы мен өндіріс саласына, инфрақұрылымына көптеген жағдайлар жасалып, халықтың көкейінде жүрген мәселелер бірте-бірте шешімін табуда. Қалада индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынған. Үкіметтің "Шағын қалаларды дамыту–2020" бағдарламасы бойынша Лисаков  қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленіпті. Бағдарламада қала бойынша атқарылатын істердің мерзімі нақты көрсетілген. 2013-2020 жылдарға "Бір салалы қалаларды дамыту (моноқала)" бағдарламасы шеңберінде Лисаков қаласы бойынша қаржыландыруды қажет ететін жобаларға қомақты қаражат қарастырылып отыр.
Әрине, Лисаков – өндіріс қаласы болған соң, одан пайда табу өз алдына, қаланы абаттандырып, заманауи тұрғыдан көріктендіре түсу қажет. Ескірген инфрақұрылымды қайта жаңартып, жаңа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер тұрғызылса құба-құп. Қала аумағында жүріп жатқан жөндеу, тазалау, жаңарту жұмыстары бүгінгі таңда қар-қынды түрде қолға алынған.
Жаңадан ашылған өндіріс ошақтары да бой көрсетіп келеді. "Green Island Kazakhstan" серіктестігінің Лисаков қаласынан өз өндіріс орындарын ашу жоспары да қаланың әлеуметтік экономикалық жағдайына тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының өмірге келуіне өз септігін тигізбек. Бүгінгі таңда аталған фирма алдағы уақытта қуаттылығы жылына 300 тонна болатын жылыжай кешенінің құрылысын қолға алған еді. Биыл пайдалануға берілетін жобаның құны 675 млн. теңге. Жаңадан 20 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Алдағы уақытта Лисаков шаһарының өзен жағалауы адам танымастай өзгеріп, көз тартар кейіпке енбекші. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Өңірлік даму министрлігі моноқалаларды көркейту бойынша 2015 жылғы ең үздік жобаны анықтап, соның қорытындысы бойынша Лисаков қаласының Тобыл жағалауын көркейту жобасы үздік деп танылды. Шаһар 200 млн. теңге көлемінде қаржыны жеңіп алды. Жағалау аумағы жоба бойынша жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтуге, дәріс, экскурсияларды өткізуге арналған танымдық, мерекелік көңіл көтеру, ойын-сауық шараларын өткізуге арналған салтанатты және салауатты өмір салтын дәріптейтін спорттық-сауықтыру аймақтары болып бөлінеді.
Танымдық аймақта биіктігі 20 метрге дейін жететін шамшырақ түріндегі телескоп мұнарасы орнатылып, ол жағалауды түгел көруге  мүмкіндік  береді. Жағалаудың үлкен бұрышы еліміздің тарихы, табиғи-климаттық жағдайы, жер қыртысы, сәулеттік орындарын көз алдыңа келтіретін Қазақстан картасына арналады. Танымдық аймақта сонымен қатар, көрме галереясын, естелік саяжолын, "тастар бағын" орнату жоспарланған. Ал кіреберіс қаланың дамуын бейнелейтін стелладан басталып, салтанатты аймақтың ортасы аспалы көпірлер, амфитеатрларға ұласып кетеді. 
Бұл жұмыстар таяу болашақта атқарылып, қаланың өміріне жаңа мазмұн мен түр сыйламақ. Осылайша, еліміздегі шағын қалаларды дамыту бағдарламасы тек қалаларды ғана емес, сонымен қатар сол төңіректегі елді мекендерге де жаңалық әкелетіні сөзсіз. Ел Үкіметі қабылдаған бағдарлама шағын қалаларды дамытуға ерекше серпін береді деген сенім мол. "Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы" деп Елбасының өзі атап көрсеткендей, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі шағын қалалардың да гүлденіп, көркеюімен тығыз байланысты болып отыр.
Шұға                        
                   ҚОҢҚАБАЙ
Лисаков қаласы.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓