Жалған жарнамаға алданып қалды

Қостанай қаласының он бір тұрғыны арзан бағаға пәтер жалдаймын деп интернеттегі жалған жарнамаға алданып қалды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алаяқтар сайттар мен әлеуметтік желілерге элиталық пәтерлердің фотосуретін іліп, клиенттерді қызықтырған.
«Жоқ жарнаманың» ілмегіне ілінгендерден банк картасына алдын ала ақша аударуды талап еткен. Оңай олжаға кенелген пысықайлар сол сәтте алданған адамды бұғақтап, өз аккаунттарын жойып отырған. Алаяқтар тұрғындарды осындай әдіспен жарты жыл бойы сан соқтырып келген. Қылмыстық жолмен тапқан табыстары 1,5 миллион теңгеден асқаны белгілі болды. Полицейлер қаскүнемдерден бес ұялы телефон, сегіз сим-карта және екі банк картасын тәркіледі. Қазір олардың әрекетінен зардап шеккен қаланың басқа да адамдарына іздеу салынды.
Жалпы облыс бойынша жыл баснынан бері 508 интернет қылмыс тіркеліп отыр. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 56%-ке көп.
— Ол шамамен енді 150-160 қылмыс бойынша тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Сотқа жіберілген жоқ, — дейді  ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сәбит Ыбырайымов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓