Өнер фестивалі бастау алды

Сатирик, этнограф Сейіт Кенжеахмет атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-ысқақ театрларының фестивалі Қостанай жерінде өз жалауын көтерді. Осы шара алдында Қостанай облыстық өңірлік коммуниациялар қызметінде арнайы баспасөз мәжілісі өтті.
Фестивльге белгілі сатирик Көпен Әмірбек пен С. Кенжеахметтің қызы Зәмзәгүл Кенжеахметова арнайы келген еді. Аталмыш фестиваль алғаш рет 2019 жылы Арқалық қаласында өткен болатын. Бүгінде арнасы кеңейіп, қатысушылар саны артып отыр.
– Сейіт ағамыздың бізге қалдырған мұрасы өте көп. Соның ішінде сатирасын жоғалтпау үшін дамытып жол ашып отырмыз. Бүгінгі фестивльге еліміздің әр өңірінен өнерпаздар келіп жатыр. Олар қоғамдағы жағдайды күлкі арқылы көрсетіп, астарлы ойларын білдірмек, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Өнер фестивльдарының меймандары К. Әмірбек пен Зәмзәгүл апайымыз осындай шараны ұйымдастырып отырған басшылыққа ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта өнер фестивалі Нұр-Сұлтан қаласында өтсе құба-құп деген тілегін білдірді. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓