«Келіндер көтерілісі»

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясын (аударған Асқар Сүлейменов) сахналады.
Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жыл бұрын жазылса да әлі күнге сахнадан түспей келе жатқан табысты шығармалардың бірі. Әлемнің 14 елінде аталған пьесаның желісімен мыңдаған спектакль қойылып, бірнеше көркемфильм түсірілгені белгілі.
Комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты емес, жалпы қоғамда орын алып отырған мәселелерді көрсетеді. Адам баласының еркіндігі, еркі, іс-әрекеті, таңдау құқығы сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелер негізге алынған.
Әсем әуенімен, көркем биімен, әдемі әзілмен әспеттелген «Келіндер көтерілісі» спектаклі – көрермендерді күлдіре отырып, ойға батырады.
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓