Сақтық шаралары күшейді

Елде эпидемиялық ахуал қайтадан нашарлай түсті. Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны қрақыны бойынша «қызыл» аймаққа еніп отыр. Осыған байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары етек-жеңді қымтай түсуге мәжбүр. Нақтырақ айтқанда, азаматтарды тек қана кезек брондау шартымен қабылдап, сақтық шараларын қайта күшейте бастады. Қостанай облысында алты орталық осылай жұмыс істемек.
Қауіптің "қызыл" аймағына өткен өңірлер саны біртіндеп артып келеді. Қазіргі таңда жағдай ушыққан аймақтар саны бесеуге жетіп отыр. Әуелі Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау облысы, БҚО "қызыл" тізімге ілінсе, күні кеше ғана бұл қатарға Ақтөбе облысы да енді. Осы хал ескеріліп, аталған өңірлерде карантин шаралары барынша күшейтілуде. Әсіресе, қатерге қарсы қам халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басталды. Алдын ала кезекке тіркелмеген тұрғынға қызмет көрсетілмейді. Вирустың таралуына жол бермеу үшін қостанайлық ХҚКО-лар да сақтық амалын ұстанып келеді.
«Қостанай облысының ХҚКО-лары жұмысын 2020 жылғы мамыр айында қайта кірісті. Осы уақыттан бастап, Қостанай бөлімдері алдын ала брондалу шарты бойынша жұмыс істей бастады. Жазда оларға Рудный және Тобыл қалаларындағы ХҚКО қосылды. Алты бөлімде алдын ала жазылу талаптары осы уақыт ішінде міндетті болып қала беретінін атап өткім келеді. Сондай-ақ, 2020 жылғы мамыр айынан бастап, облыстың барлық бөлімдерінде бетперде режимі қатаң сақталады, ғимараттар үнемі залалсыздандырылады. Осы кезеңде біз ХҚКО үшін ешқандай жеңілдік енгізген жоқпыз. Өйткені, мұны түсіну аса маңызды. ХҚКО адамдар көп жиналатын орын болғандықтан, мен атаған шаралар қызмет алушылардың қауіпсіздігі үшін қабылданды. Сондықтан мен облыс тұрғындарының назарын мына дүниеге тағы да аударғым келеді: Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантиндік шараларды қатаң ұстана отырып, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Қостанайдың №1, 2, 3 Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен, Мамандандырылған ХҚКО, Рудный және Тобыл ХҚКО қызмет алу үшін алдын ала брон жасау міндетті», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы филиалының директоры Қанат Төлепұлы.
Кезекті брондаудың бірнеше тәсілі бар. 1414 колл-орталығына жүгінсеңіз болады, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, еgovmobile қосымшасы және EgovKzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-бот арқылы да қызмет ала аласыз. ХҚКО-ға белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келуге кеңес береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓