Басымдық – баспана құрылысына

Өткен жылы тұрғын үй құрылысына құйылған инвестициялар көлемі 19,5%-ке өсіп, 37,8 млрд теңгеге жетті. Жыл басынан бері 13,1% өсіммен 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы аяқталып, ұзын саны 3 600 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы да А.Мұхамбетов жиын барысында баяндап берді.
Жіктеп айтқанда, өткен жылы 430 жалға берілетін пәтер, 250 кредиттік пәтер, 2 255 коммерциялық пәтер және 665 жеке тұрғын үй кілті табысталған.
"Облыс орталығындағы Әуежай және Юбилейный шағын аудандарының құрылысы аяқталуға жақын, оларда 76 үй тұрғызылды. Тағы 12 үйдің құрылысы аяқталу алдында. Мұнымен қоса,  Қонай және Береке жаңа шағын ауданын игеру жалғасуда. Мұнда 102 көп қабатты тұрғын үй салынады және жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2,0 мыңнан астам учаске бөлінеді. Бүгінгі күні Береке шағын ауданында 8 үйдің құрылысы аяқталды. Қонай шағын ауданында ағымдағы жылы 855 пәтерді құрайтын 19 көп қабатты тұрғын үй құрылысы тәмамдалатын болады", — деді облыс әкімі.
2020 жылы мұқтаж азаматтарға 281 пәтер берілген, оның ішінде 153-і – көп балалы отбасыларға, жетім балаларға – 51, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, бюджет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалған санаттарға – 77 пәтер кілті табысталған. 
"Көп балалы отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету шараларына ерекше назар аударылып келеді. Осы мақсаттарға 2020 жылы 900 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 109 пәтер сатып алынды, оның жалпы ауданы 7,0 мың шаршы метр, — деп толықтырды аймақ басшысы. — Сонымен қатар, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, айқындаушы фактор ретіндегі халықтың табысы болып табылатын «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын ипотекалық кредит беру бағдарламалары ықпал етеді. «Отбасы банкінің» Қостанай филиалы 3,6 млрд теңгеге 442 қарыз берді".   
2021 жылы да тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 10% өсімді қамтамасыз ету міндетін қойылған, яғни 417,2 мың шаршы метр аумақты игеру көзделіп отыр.
"Сатып алу құқығынсыз 30,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, ЖАО (жергілікті атқарушы орган) облигацияларын шығару арқылы 111,1 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй, 106,0 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй, 169,8 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынатын болады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы бюджеттен барлығы 20,4 млрд теңге бөлінді", — дейді А.Мұхамбетов.
Оның айтуынша, Қостанай қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында көп қабатты үйлердің шатыры мен қасбеттерін жөндеу жұмысы да жүйемен жүргізіліп жатыр. 2 жыл ішінде 57 үйдің сыртқы келбеті жаңарған. 2021 жылы да жұмыстар жалғасатын болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓