Наурыз он күн тойланбақ

Қазақстан әз Наурыз мерекесін үкімет бекіткен тұжырымдамаға сәйкес, 10 күн тойлауға ниетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, "Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, оны "Ашық НҚА" порталына жүктеді.
Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланғаны көрсетілген.
Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады:
14 наурыз – "Көрісу күні"
15 наурыз – "Жайлау күні"
16 наурыз – "Шежіре күні"
17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні"
18 наурыз – "Игі істер күні"
19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні"
20 наурыз – "Зияткерлік күні"
21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні"
22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні"
23 наурыз – "Жоралғы күні"
Сондай-ақ тұжырымдамада одан күтілетін нәтижелер де баса көрсетілген:
1) отбасыны және қоғамды ұйыстыратын құндылықтар нығаяды;
2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі артады;
3) қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениеті қалыптасады. Жаппай санада оларды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі;
4) ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізіледі;
5) Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі күшейтіледі, жалпы қазақстандық құндылықтар, эволюциялық даму мәдениеті қалыптасады және нығаяды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓