137 адам жұқтырды

28 қаңтарда Қостанай облысында 137 адамнан  коронавирус табылды.​
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 65 тұрғыны, 18 – Рудный қ., 8 – Мендіқара және Майлин ат. аудандар, 7 – Денисов ауданы, 6 – Жітіқара қ., Алтынсарин, Қостанай және Ұзынкөл аудандарының тұрғындары арасында 5 жағдайдан, Әулиекөл ауданы және Лисаков қаласы 3 жағдайдан, Қарабалық және Сарыкөл аудандарында 2 жағдайдан тіркелген.
115 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 14 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 6 адам стационарға жатар алдында, 2 мемлекеттік шекарадан өтер кезде профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 107 адамда ауру белгілері болды, 30 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 28 қаңтар аралығында COVID-19-ды 10009  адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 8630.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓