Ауылға газ келді

Бүгін Алтынсарин ауданының Қосқұдық ауылына көгілдір отын берілді. Елді-мекен тұрғындары үшін қуанышқа айналған бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Виктор Ионенко қатысты.
Бұл ауқымды жобаға 38 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері "Газстрой-К"ЖШС болып табылады. Газ құбыры трассасының жалпы ұзындығы 4 шақырымнан асады. Осы жоба бойынша Қосқұдық ауылында тұрғын үй секторы мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы нысандардың 95 абонентін (285 тұрғын) көгілдір отынмен қамту жоспарлануда.
Қосқұдық ауылының тұрғыны Жуабек Рахметов ауыл тұрғындары атынан облыс әкімінің орынбасарына ел игілігі үшін жасалып жатқан іс-шаралар үшін алғысын білдірді. Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары мен Жұмабек Баяхметұлы көгілдір отынды іске қосты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓