Жаңа маршрут пайда болмақ

26 қаңтардан бастап Заречный ауылы мен Тобыл қаласы арасында автобус жүретін болды. Маршрут әзірге сынақ ретінде іске қосылған. Аялдамалары бір-екі айда нақтыланады.«Бұл мәселе жергілікті әкімнің халыққа есеп беру кездесуінде жыл сайын көтерілетін. Биыл да айтылды. Аудан әкімдігі жақында мердігер тауып, келісім жасасты. Тұрғындардың сұрауы бойынша автобус бағыты жаңадан бой көтерген шағын аудандарды, сондай-ақ, аудан әкімдігі мен аурухананы да қамтиды. Автобус жүргізушісін әңгімеге тартып көрдім, ол әзірге ешқандай мәселе жоқ екенін айтты», — деді Заречный ауылдық округінің әкімі Құрманғазы Исмағамбетов. 
Ауыл әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік тарапынан түрлі ұсыныстар қабылдайды. «Автобус Қостанай қаласына дейін жүрсе» деп жатқандар бар. Округ әкімі Заречныйдан облыс орталығына онысыз да екі маршрут (№101, №102) қатынайтынын алға тартып отыр. 
Жаңа бағыттағы автобус таңғы сағат 07.00-де Заречный ауылынан қозғалады. Соңғы нүктесі – Тобыл қаласындағы "Halyk Bank" аялдамасы. Сағат 21.00-ге дейін жүреді. Автобустардың қозғалыс аралығы – 1 сағат 20 минут.
Жол жүру құны – 80 теңгеден. Ал зейнеткерлер 70 теңге төлесе, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – 40 теңгеден.
 
Аслан Қанғожин

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓