Құбыр қалыпқа келе ме?

Күні кеше Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылындағы су мұнарасының құлағаны туралы әлеуметтік желілерде хабар тарады. Мәселенің мән-жайын білу үшін ауыл әкімі Асхат Зейнолдинге хабарластық. Оның айтуынша, оқиға болған 24-ші қаңтар күні тиісті мекемелерге хабар берілді.– Әрине, мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. «Құбыр қирап, ауыл сусыз қалады» деген ақпаратты теріске шығарғым келеді. Қазір ауыз су уақыт бойынша беріліп отыр. Әзірге тұрғындар бұрынғыдай тәулік бойы су ала алмайды. Құлаған мұнараның алдағы жағдайы арнайы сараптамадан соң белгілі болады. Тиісті мекемелерге, мердігер ұйымға хабарластық. Облыстан мамандар шақыртылды, нақты себеп-салдарын, құбырдың қашан қалпына келетінін сол кісілер айтады. Олқылықты ретке келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз, — дейді ауыл әкімі. 
Айта кетейік, су мұнарасы 2014 жылы «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пайдалануға берілді. Су тарту жұмысын бас мердігер «GSM Capital Group» ЖШС мен қосалқы мердігер «Строитель–2003» ЖШС атқарды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓