Теңдесі жоқ жүйе

Рудный қаласындағы "ССКӨБ" АҚ-на өзі аударғыш жүк көлігіне жүргізушілер дайындау үшін жоғары технологиялы жаттықтырғыш-симулятор орнатылды.Бір қарағанда үлкен экранда компьютер ойынының сюжеті өтіп жатқандай көрінуі мүмкін. Бірақ бұл ешқандай да ойын емес: бұл жерде жүк көлігінің жүргізушілері кәдімгідей  аттестациядан, кейін оқытудан өтеді, одан соң алған білімдері тексеріледі. Мұның бәрі «Hammer Kazakhstan» компаниясының мамандары ұсынған жаттықтырғыш көмегімен жүзеге асады. Бұл – елімізде, тіпті Ресейде теңдесі жоқ бірегей жүйе. Дәл қазіргі уақытта Caterpillar 777F/Е маркалы өзі аударғыш жүк көлігінің модулі пайдаланылуда. Таяу арада Hitachi EH3500AC және БелАЗ 75131 маркаларына арналған тағы екі оқыту модулі әкелінеді.Аталған жаттықтырғыш-симуляторды АҚ президенті Валерий Гриненко өзі сынақтан өткізіп көрді. Болашақ инструкторлармен сұқбаттасып, жүргізулірді даялау және аттестациялауға арналған жаңа жүйеге жоғары бағасын берді. "Кәсіпорын қызметкерлерінің пікіріне есепке ала отырып, Бірыңғай оқыту орталығы базасын одан әрі жетілдіре түсу көзделіп отыр. Қазірдің өзінде эксковатор жүргізушілерін даярлауға арналған симулятор салып алу мәселесі пысықталуда", — деп мәлімдеді В.Гриненко.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓