Жүйелі жұмыс жемісі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемісті жұмыс атқарған облыс әкімдерінің тізімін жасады. Агенттік төрағасының құрмет грамотасын иеленгендердің қатарында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бар. 
Төраға марапатын аймақ басшысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша департаментінің жетекшісі Қуаныш Бекбасов табыс етті. Ол құттықтау сөзі кезінде соңғы жылдары мемлекеттік органдар қызметі айқындық пен ашықтыққа бағытталып келеді. Ал бұл жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне және мемлекеттік қызмет имиджінің көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз. 
Таяуда ғана республика көлемінде "Адалдық алаңы" жобалық кеңселері қызметінің қорытындысы шығарылды. Бұл кеңселердің жұмысы да тұрмыстық жемқорлықты жоюға, азаматтарға жайлы жағдай жасауға негізделген. Бұл шаралардың тиімділігі де тәжірибелі басшылардың тыңғылықты басқаруынсыз жемісін бермес еді. Аталмыш жиында жобалық кеңселердің кураторларына алғыс хаттар табысталды, аты ардақталғандардың қатарында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов бар. 
Мұнымен қоса, жыл қорытындысы бойынша, халыққа қызмет көрсету саласындағы нәтижелі жұмысы үшін Қостанай және Лисаков қалаларының әкімдері де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Құрмет грамотасы мен алғысын иеленді. 
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында, халықпен кері байланыс орнатудың тиімділігін арттыру үшін барлық аудан әкімдіктері "бір терезе" қағидасы бойынша мемлекеттік және консультативті қызмет ұсынудың жаңа сервистік моделіне көшті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓