Облыс көш басында

2020 жыл экономиканы өрістетуге аса қолайлы бола қойған жоқ. Дей тұрғанмен, Қостанай облысы жылды зор жетістіктермен қорытындылады. Тобыл-Торғай өңірі өнеркәсіптің кейбір салалары бойынша республикада көш басынан көрінді. Атап айтсақ, құрылыс қарқының өсімі тұрғысынан 3-орынға табан тіресек, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салалары бойынша 1-орыннан көріндік.

«Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 572 млрд 100 млн теңгеге шақ келді. Бұл өсімге Қамысты ауданындағы жоғары көрсеткіштің үлесі бар. Мұндағы жалпы өнім көлемі 2,3 есеге артқан. Ал бидай және майлы дақылдар жиын-терімі тұрғысынан Науырзымда 81,5, сондай-ақ Әулиекөлдегі 56,1 пайыздық көрсеткішті де айта кету керек», — деген мәлімет берді облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина.

Естеріңізге сала кетейік,  былтыр Қарабалықта «Комсомольский» құс фабрикасы іске қосылған еді. 2021 жылы мұнда 5,5 мың тонна ет өндіру жоспарланып отыр. Ал құс тұмауынан құлдырай жаздаған Арқалықтағы өндіріс қайта аяққа тұрып келеді. Қалыпты арнаға оралған кәсіпорын жылына 30 млн дана жұмыртқа алуды жоспарға алған. Фабрика толық қуатына 2022 жылы ғана көшеді.

«Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 1,5 трлн теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде, өңдеу секторына тиесілісі – 868 млрд 800 млн теңге. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінің артуына облыс көлеміндегі барлық кәсіпорынның үлесі бар», — деп түйіндеді Г.Мұсағазина.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓