Алғашқы партия – 1300 дана

Бүгін аймақ басшысы әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңес барысында коронавирусқа қарсы жаппай екпені ұйымдастыру мәселесі қаралды. 2021 жылдың 1 ақпанында коронавирусқа қарсы вакциналар Қазақстан бойынша таратылады. Соның ішінде Қостанай облысына әкелінетін вакцинаның бірінші партиясы –1300 дана.

Вакциналанатын адамдар контингенті де анықталып отыр. Олар – инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызметтің қызметкерлері. Медициналық ұйымдардың жанында екпе кабинеттері дайындалды, сондай-ақ көшпелі мобильді топтар құрылды.

Сонымен қатар А.Мұхамбетов шектеу шараларының күшейтілетіні туралы мәлімет берді.

«Желтоқсан айының басында белгілі болғандай, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық тұрақтанғаннан кейін карантиндік шектеу шараларды жеңілдеттік. Сонымен қатар, облыс тұрғындарының сақтық шараларын сақтамауы, әсіресе ұзақ мереке күндері, аурушаңдықтың өсуіне әкелді. Коронавирус бойынша жағдай нашарлау үрдісімен қолайсыз деп сипатталады. Осының салдарынан аймақ «қызыл аймаққа» ауысты. Осының негізінде және коронавируст инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша, біз 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап екі апта мерзімге шектеу шараларын күшейту жөнінде шешім қабылдадық», — деді бұл туралы аймақ басшысы.

Карантиндік шектеу шаралары төмендегідей:

1.Қызметкерлер саны 15 және одан көп ұйымдардың қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру;
2. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс істеу уақытын 9-00-ден 20-00-ге дейін шектеу, демалыс күндері тек «өзімен алып кету» және «жеткізіп беру» тәсілімен қызмет көрсетуін қатаң ұстану;
3. ХҚКО-лардың жұмысын алдын ала жазылу бойынша сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін шектеу, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, термометрияны, күшейтілген санитарлық — дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету;
4. Халықтың тұрғындауы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілер мен ұйымдардың (қонақ үйлер, туристік базалар және т. б.) қызметіне толымдылығы 50%-дан аспайтын жағдайда рұқсат беру;
5. Қостанай облысының аумағында «Крещение Господня» діни мерекесін мерекелеу күні жаппай шомылуды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
6. Діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметін тоқтата тұру;
7. Кеңестердің (отырыстардың) күндізгі режимде өткізілуін тоқтату;
8. Жедел респираторлық аурулар (температура, мұрынның бітелуі, жөтел және т.б.) белгілері бар персоналды жұмысқа шақырмау.

Сенбі және жексенбі күндері мына қызметтер  тоқтатыла тұрады:
1. Ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түліктік емес сауда объектілері (оның ішінде СОО, сауда үйлері);
2. Жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмысы;
3. Сауна, монша, СПА-орталықтар жұмысы;
4. Жабық спорт объектілерінің, оның ішінде фитнес-орталықтардың жұмысы;
5. Қоғамдық көлік қозғалысы;

Кеңес қорытындысында Архимед Мұхамбетов індеттің одан әрі таралуына жол бермеу шараларын жалғастыруды, сондай-ақ халыққа вакцинация туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓