Қостанайда КІА құрастырылады

Қостанайда жеңіл автокөліктердің жаңа түрі шығарыла бастайды. Бұл туралы аймақ басшысы мәлімдеді.«2021 жылы KIA маркалы жеңіл көліктер өндіре бастаймыз. Бүгінге дейін тиісті келісім-шарттарға қол қойылған. Ұзын саны 18 дилерлік орталық ашылады. Үш ірі қала – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қостанай қаласында дилерлік орталықтар жұмыс істейтін болады. Sorento, Sportage, Rio кроссоверлері секілді барлық әйгілі брендтер Қостанайда өндіріледі және бағалары да қолжетімді болмақ», — деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Аталмыш автокөліктерді өндіру көлемін жылдан-жылға ұлғайта түсу де жоспарға енген. Ал көлік құрастыру цехтарының ашылуы жаңа жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал ететіні айтпаса да түсінікті.

Айта кетейік, жалпы өнеркәсіп саласындағы өсімге көлік құрастыру зауыттарының зор үлесі бар. Былтыр біздің өңірдің зауыттары 40 мың көлік шығарған, олардың 730-ы – тракторлар мен комбайндар. Бұл – бұрнағы жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары нәтиже. Осы жылдың жоспары – соңғы сандарды еселей түсу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓