Ескі техника есепте бар

18 қаңтардан бастап, Қазақстанда ескі ауыл шаруашылығы техникасын қабылдау бағдарламасы іске қосылды.
Естеріңізге сала кетейік, тракторлар мен комбайндарды жинау бойынша пилоттық бағдарлама 2020 жылдың қараша айында республиканың астықты төрт аймағында, оның ішінде Қостанай облысында сынамадан өткен еді. Сол кезде «ӨКМ Операторы» ЖШС ел бойынша барлығы 120 ауыл шаруашылығы техникасын қабылдады. Биыл көнетоз техниканы 11 өңірде 20 есе көп қабылдап, оларды кәдеге жарату жоспарланып отыр.
«Клиенттерге ыңғайлы болу үшін recycle.kz сайтында утилизацияланатын техниканы тапсыруға толтырылған өтінімді алдын ала қарау жүйесі енгізілді, – деп хабарлайды «ӨКМ Операторы» ЖШС баспасөз қызметі. — Меншік иесі тек екі құжатты пайдалана отырып, арнайы электрондық нысанды толтырады, яғни қажетті құжаттар – жеке куәлік және тіркеу есебінен шығару туралы анықтама, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының түрлі ракурстан түсірілген бірнеше суреті. Өтінім мақұлданған жағдайда, жүйе өтінім берушіге аграрлық техниканы кәдеге жаратуға тапсыру күні мен уақыты туралы ақпарат береді».
Жоспар бойынша Қостанай облысына 2380 техника үшін квота бөлінді,атап айтқанда, олардың 222-сі – трактор және 56-сы – комбайн. Ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдік сертификатына айырбастауға мүмкіндік бар, бұл құжатты кейін отандық автокөліктерді немесе ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу кезінде пайдалануға болады. Сертификаттың номиналы 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін және өткізілген техниканың қалпы мен жиынтығының түгелдігіне байланысты беріледі. Оның қолданылу мерзімі – 12 ай. Мұнымен қоса екі сертификатты біріктіруге немесе оны басқа адамның атына қайта тіркеуге болады.
Қостанайда істен шыққан көлік құралдарын қабылдау бекеті мына мекенжайда орналасқан: Карбышев көшесі, 18 в. Анықтама телефоны: +7 747 141 19 49.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓