Бәсеке күшейіп, мүмкіндік артпақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Құрамы жаңарған мәжіліс депутаттарына маңызды міндеттерді жүктеп, ел дамуының негізгі бағыттарын жіктеп көрсетті. Президент атаған басымдықтар озық дамыған елдердің қатарына қосылуға жетелейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде биылғы жылдың маңызды саяси оқиғасы – ҚР Парламенті Мәжілісінің және маслихаттар депутаттары сайлауының бірқатар жаңашылдықтарын атап өтті. Иә, бұл процесс шынымен де өзіндік ерекшеліктерімен есте қалары сөзсіз. Әлемдік пандемия мен елдегі карантин шектеулеріне қарамастан сайлау науқанының қызу да тартысты өткеніне барша халық куә. Өзім тұратын Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданында орналасқан сайлау участкесінде тіркелгендер дауыс беруге толассыз ағылып жатты. Бұл көріністің өзі халықтың ел болашағына алаңдайтынын, немқұрайлы қарамайтын көрсетсе керек. Азаматтардың саяси белсенділігі жылдан жылға артып келе жатқандай.
Сайлау науқанының қорытындысында кейбір партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана жетпей қалды. Оларға үміт артқан, оларды қолдап, дауыс берген халық бар. Сол себепті Президентіміз партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету қажет екенін айтты. Аталған меже партиялар арасындағы саяси бәсекенің артуына септігін тигізіп, жаңа мүмкіндіктер беретіні сөзсіз. Бәсеке бар жерде даму да бар. Олай болса бұл бастама жемісті болмақ. Мемлекет басшысы «Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді» деді өз сөзінде.
Мәди НҰРМҰХАМБЕТОВ,
Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайының басшысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓