Ауылға зор мән беріліп отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде мәслихат депутаттарына «белсенді ұстанымдарыңыз сайлаушылардың мүддесін қорғайтын сапалы әрі салмақты шешімдер қабылдауға ықпал етуі керек» деген мәселені баса айтты.
Президент аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуына қатысты баяндамасында барлық өңірлерді біртұтас экономикалық кеңістік арқылы байланыстыратын аса маңызды салаларды дамытуға баса назар аударылатыны нақ келтірілген. Атап айтқанда – көліктік, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымдар.
«Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріледі. Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді-мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдетіп, өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттыру маңызды», — деді Президент.
Біздің "Қарабатыр" Агрофирмасы" серіктестігі Қамысты ауданы, Қостанай облысы ғана емес, республикада жетекші ауылдардың қатарында. Тоқсаныншы жылдардың қиын-қстау кезеңінен халықты ыдыратпай, жұмыс күшін таратпай ұстап келе жатыр. Негізгі сала – ауыл шаруашылығы болғанымен, ауыл ішін гүлдендіру, абаттандыру үзілмей келеді. Ал осыдан екі жыл бұрын елдімекеніміздің үстімен өтетін 30 шақырымнан асатын Арқа-Ливанов көтерме жолына асфальт төселді.
Қарабатырға шетелден оралған қандастармен қатар, бұрынғы Торғай облысының ауылдарынан, өзге аймақтардан, әсіресе, соңғы жылдары еліміздің оңтүстік өңірлерінен көшіп келгендер аз емес. Көшіп келетіндер санының әлі де молайғанын қалаймыз. Бүгінгі Президент Үндеуінде айтылған инфрақұрылым жақсарып, жаңа стандарттарға сәйкес ауылдар жаңғыртылып, елді-мекендер арасындағы күре жолдар толық жөнделетін болса, біздің өңірімізге тұрғындары тығыз орналасқан күнгей облыстардан еңбек етуге келетіндерді көбірек тартуға күш салуымыз керек.
Марат Құдайқұлов,
«Қарабатыр» Агрофирмасы» ЖШС директоры,
VІІ шақырылған Қостанай облыстық мәслихатының депутаты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓