Жаңа мәжіліске артылар үміт зор

5587cfa9-2416-4e62-b09f-54444e587ff5Биыл жыл басы ел тағдыры үшін елеулі оқиғалармен басталды. Ең бастысы, осы жылы киелі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Аптаға жетпейтін уақыт бұрын дүркіреп сайлау додасы өтті. Халық Парламент мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарына, саяси партияларға таңдауларын жасады. Бұл жаңа серпін мен жаңғырысқа, өзгеріске ұмтылдырған маңызды оқиға болды. Енді, міне, бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев Мәжілістің VII шақырылымдағы алғашқы жалпы отырысын өткізіп отыр. Жаңарған құрамның алдына жаңа межелер мен міндеттемелер қойылып, ел игілігі мен мүддесіне қызмет етуі тиіс тың реформалар қабылданып отыр. Елдің берекетті өмірі үшін әуселелі әрекеттер жасалар деп тақым қысқан сәт осы болды. Жаңарған Парламент алдына мемлекеттің дамына қатысты сүйекті мәселелерді қойды. 
«Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылу. Дамыған ел дегенеміз – ең алдымен, дені сау, білімді жұрт. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау. Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз», — деді мемлекет басшысы.
Әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салаларға қатысты ауқымды жоспарлар жария етілді. Саяси реформаларды іске асыруда бірізділік сақталуы керегін алға тартты. Олардың бәрі адам құқықтарын қорғауға бағытталатынын тілге тиек етті. Мұның сыртында, жастарды дамыту индексін енгізу жастар арасындағы негізгі сұраныстар мен трендтерді анықтауға ықпал ететінін айтты. Осының бәрі әр қазақстандықтың келешегіне үлкен үміт үстейді. Мұның бәрінің жүзеге асуына ант қабылдаған халық қалаулылары барлық білігі мен күш-жігерін жұмылдырады деген үлкен сенім бар.
Бағдат Оспанов,
Алтынсарин ауданы Мәдениет үйінің директоры

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓