Президент Парламент отырысын ашты

7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.photo_76918 «Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын және жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін. Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің дерегінше, 5 жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады.
«Бұл осыған дейінгі 5-ші шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓