«АгромашХолдингKZ»: Алда – жаңа белестер

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін алпауыт зауыт "АгромашХолдингKZ" 2020 жылдың қорытындысын шығарды. Өткен жылы өндіріс 1,7 есеге өскен. Егер 2019 жылы жалпы сомасы 16,6 млрд теңге болатын 429 трактор шығарған болса, былтыр олардың саны 730-ға өсіп, құны 23,9 млрд теңгеге тең болған. 6846eb2d-9ab5-4ef8-a665-ca1c0a1096c1
7217a135-4a9b-4e05-b7e8-ba76466b770deddf4888-33c5-456d-bd79-1aaeab677b37Статистика мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, отандық техникаға деген сұраныс жылдан-жылға өсіп келеді. Бұған, бәрінен бұрын, тракторлар мен комбайндарды жаңғыртудың ықпалы бар, өйткені олар бүгінде шетелдік аналогтарымен бәсекеге қабілетті. Сапасымен қоса, жоғары қуаттылығы, жанар-жағар май шығынының төмендігі және екі жылдық кепілдемесі, сондай-ақ қолжетімді құн саясаты да маңызды рөлге ие. Сондықтан қазіргі таңда елде шығарылған жаңа комбайнның немесе трактордың төртеуінің үшеуі – өз өндірісіміз.
 
Пандемия және карантин жағдайында
Ерекше режим өндірісті де айналып өтпеді. «АгромашХолдинг KZ»-тің 2020 жылғы жұмысының көп бөлігі қатаң тәртіптің уысында өтті. Осы тас-түйін тәртіп егіс және орақ науқандары кезінде пандемия толқындарынан ойдағыша өтуге септігін тигізді.
Холдингтің бірінші вице-президенті Динара Шүкіжанованың айтуынша, 2020 жыл қарқынды болды, тіпті пандемияға қарамастан, өндірісті 1,7 есеге көбейту мүмкіндігіне қол жетті.
"Біз клиенттеріміздің сеніміне селкеу түсірмей, әлемде болып жатқан жағдайға қарамастан, техниканы мерзімінде жеткізу қажеттігін жақсы түсіндік және ол әркез қаперімізде болары да анық, — дейді Д.Шүкіжанова. — Сондықтан маусымдық шақта зауыт күндіз-түні жұмыс істеді. Осы жылы біз «LOVOL» тракторлары өндірісінің көлемін едәуір ұлғайттық. Егер екі жыл бұрын, осы трактор түрін алғаш шығара бастаған кезде, көбісі бұған күмәнмен қараған болса, қазір клиенттеріміз мұның қуатты, қолжетімді және ауыл шаруашылығы және коммуналдық жұмыстарға "жегуге", мал шаруашылығы фермаларына, сондай-ақ жүк тасымалына пайдалануға қабілетті әмбебап трактор екенін жақсы біледі. Мұның бәрі құрғақ сөз емес, 2019 жылы мамандарымыз 106 трактор шығарған болса, 2020 жылы олардың саны 364-ке жетті. Айырмашылық көзге ұрып тұр емес пе. Біздің ұжым жұдырықтай жұмыла жұмыс істеді, өйткені пандемия жағдайында басқаша жемісті жұмыс атқару, алдымызда тұрған ауқымды жоспарларды орындау мүмкін де емес еді. Бүгінде көзіміз анық жетіп отырған қағида бәреу – біздің компания қызметкерлер мен клиенттердің үлкен командасына айналды".  f0f3a3d1-8bc9-4c7b-990c-3ff64feaed99
Оның айтуынша, 2020 жылы жаңа жобаларды жүзеге асыруға да жол ашылды. Мәселен, жаңа Локализациялық орталық құрылысының басталғаны үлкен оқиғаға баланып отыр. 27 мың шаршы метр аумақта әмбебап әрі әлеуетті, автоматтандырылған цехтар, оқу орталығы және жатақхана орналасады. Жалпы, бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.3fc05729-1163-477b-a661-31c948df19fb
 
2021 жыл жоспарлары
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сеніміне ие болған "ESSIL" комбайнының бұрынғы модельдерінен басқа, 2020 жылы КЗС – 790 "ESSIL" роторлық комбайны шығарылды. Ол Қарағанды облысында сынақтан өтіп, жақсы нәтижелер көрсетті. 2021 жылы фермерлердің айналмалы комбайндарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін осы модельдің сериялық өндірісі жоспарланған. Клавиатуралық комбайндардан роторлы комбайндарға ауысу кезіндегі басты айырмашылық – өнімділікті арттыру және астық шығынын азайту. Өндіріс жөніндегі Вице-президент Петр Максаковтың айтуынша, бұл комбайнда, ең алдымен, қозғалтқыштың қуаты мен астық тазалау алаңы ұлғайтылған, ал бастыру құрамдастырылған түрде: барабанмен және ротормен жүргізіледі.e62f49a4-b145-4506-a125-ac954ac01578
"АгромашХолдинг KZ" зауытының коммерциялық директоры Николай Пархоменконың айтуынша, 2021 жылы 75, 180 және 220 ат күші бар жаңа модификациялы "LOVOL" тракторларының өндірістік желісін кеңейту жоспарланып отыр.
2020 жылы жоғары қуатты тракторлардың жаңа модельдеріне сертификаттық сынақтар жүргізілді: "LOVOL" 1804 және "LOVOL" 2204 оң нәтижеге ие болды. Сатылым қаңтар айынан басталады, 2021 жылға жоспарланған өндіріс көлемі 20 бірліктен асады. Сондай-ақ, "LOVOL" тракторларына арналған аспалы және тіркемелі жабдықты өндіріске енгізу жоспарда бар.
Өндірілетін өнім желісінде австриялық "PÖTTINGER" компаниясының егіс кешендерінің, мал шаруашылығы саласына арналған тіркеме техникасының, жемшөп дайындайтын жабдықтың және жемшөп жинайтын комбайндардың беларустік әріптесі "Гомсельмаш"ААҚ-мен бірлесіп пайда болуы маңызды оқиға болмақ.
 
Филиалдар
Бүгінде "АгромашХолдинг KZ" зауытының өнімін Қазақстанның 9 өңірінде тиімді шарттармен сатып алуға болады. Дилерлік желіні кеңейту – осы жылға жоспарланған векторлардың бірі. Кәсіпорын өз өкілдіктерінің Қарағанды және Ақтөбе облыстарында, Шымкент, Павлодар және Орал қалаларында пайда болу мүмкіндігін қарастыруда. Ал бұл кәсіпорын қазақстандық фермерлерге жақындай түсетінін білдіреді. Осылайша, мамандар тығыз байланыста жұмыс сәттерін пысықтап, 24/7 клиентпен бірге бола алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓