Шеген байланыс аясында

Жанкелдин ауданындағы Шеген ауылына ұялы байланыс орнатылды. Бұл ауылдағы шешімін көптен күткен мәселелердің бірі. a9f5786b-4df3-43af-abb2-eec76fdebe25«Ауылымызда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауында айтылған шалғай елді мекендерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету тапсырмасы аясында, «+250» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Теле2 3G, Актив пен Алтел  Н+ байланыс желілері орнатылып, халық  игілігіне пайдалануға берілді. Ұялы байланыс операторлары, байланыс тарату мұнарасын биіктігі 25 метр және қабылдап таратушы құралдарын орнатты. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Әсіресе ауылда онлайн оқып жатқан студенттер үшін жағымды жаңалық болды»,-дейді Шеген ауылының әкімі Жарқын Сабыржан.
Ауыл әкімінің айтуынша, алдағы уақытта байланыс таралымын әлі де күшейту үшін жұмыстар жалғасып, интернет сапасы жақсара түспек.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓