Ауызсу жүйесі жаңғыртылады

Қостанай қаласының аумағы кеңейіп, тұрғындар саны артып келеді. Осыған орай ауызсу жүйесін қайта жаңғырту мәселесі туындап отыр. Соңғы жылда ғана орталықтандырылған жүйеге үш мыңға жуық тұтынушы қосылған.сайт1
Алдағы уақытта тағы бірнеше шағын аудан бой көтеретіндігін ескерсек, ауызсуға сұраныс еселеп артатындығы түсінкті жайт. Ал қаланы тіршілік нәрімен қамтасыз етіп отырған кәсіпорынның су тазартқыш құрылымы әбден ескірген. Қазір апатты жағдайда тұр. Сондықтан оны қайта жөндеп, қосымша тағы бір блок орнату көзделіп отыр. Сол себепті қаланы таза сумен қамту қуаты 50 мыңнан, 100 мың текше метрге жеткізілмек.
– Жобалау барысында біз жұқа қабатты тұндырғышты қолдандық. Бұл суды тазартуға арналған жаңа технология. Жұқа қабатты тұндырғыш, су сапасын 25-30 процентке арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаланы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін жүйені автоматтандырып, цифрландыруға да аса маңыз беріліп отыр, — дейді «Қостанай-су» КММ директоры Еркебұлан Файзуллаев.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓