Басқару жүйесінде өзгеріс

сайт111
Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен білім беру саласында енген өзгерістерге байланысты кеңес өтті.
ҚР «Білім туралы» Заңына өзгерістердің күшіне енуіне байланысты 2021 жылғы қаңтардан бастап білім беру саласындағы басқару жүйесі өзгерді. Енді барлық қалалық және аудандық білім бөлімдері білім басқармасына бағынып, есеп беретін болады. Функцияларды берумен қатар бюджет қаражатын әкімшілендіру де берілді, яғни білім беру саласына бөлінетін барлық бюджет қаражаты облыс деңгейінде жиналатын болады.
сайт2222
-Қостанай облысында білім басқармасының ведомствосына 656 білім беру ұйымы көшті, оның ішінде 489 жалпы білім беретін мектеп, 124 мектепке дейінгі ұйым, 43 қосымша білім беру ұйымы. Ол үшін қазір әділет органдарында құқықтық құжаттарды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деді облыс әкімі.
Қала мен аудан әкімдіктері тиісті аумақтардың білім беру ұйымдарына қажетті көмек пен қолдау көрсететін болады. Алайда аудан әкімдіктерінің бірқатар құзыреттері сақталып қалады: жетім балаларды міндетті жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету; түлектердің жұмысқа орналасуына көмек беру; ауылдық жерге жұмысқа келген білім беру саласындағы жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
сайт444
Аймақ басшысы кеңес қорытындысы бойынша білім мекемелеріндегі өзгеріске қатысты жұмысты аяқтауды тапсырды.
сайт3333

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓