Ресейліктерді құтқарып жіберді

Ресей Федерациясының Челябі қаласының тұрғындары қостанайлық полицейлерге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.dbed72ca-e748-4f40-9d9b-d8af31e57bd7Жол-көлік оқиғасына тап болған Ресей тұрғындарына Қостанай облысы Федоров ауданының полицейлері қол ұшын созды.
Рудный қаласына қонаққа келген ресейлік отбасы 2021 жылдың 10 қаңтарында үйлеріне оралды. Федоров ауданы Владыкин ауылының маңында жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.
Патрульдік полиция қызметкері Аманжол Кенескенов оқиға орнына бірінші болып келді. Аға лейтенант жүргізушіге және оның жұбайына көмек көрсетті, "Рено" көлігін тасымалдау үшін эвакуатор шақырды.ed0718b4-77c5-4b12-8846-ed16589cec69Инна Амоскина Федоров ауданының полиция бөлімінің бастығына жолдаған хатында тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.
"Полицей А.Кенескенов бізді қиыншылықта қалдырмады, осы үшін көп рахмет айтамын", -деді И. Амоскина.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓