Лайфхак: Жылдам әрі қауіпсіз

Жылдам және қауіпсіз. Қостанай облысының автокөлік иелеріне көлікті онлайн режимінде тіркеуге кеңес берілуде. Статистикаға сүйенсек, 2020 жылы Қостанай облысында 83 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оның 80 мыңға жуығы автоХҚКО-да және арнайы сектор арқылы тізімге алынса, қалғаны электронды үкімет порталы көмегімен осындай қызметке қол жеткізген. 35833fef-b61d-4a6a-ba8b-5145cc766bf2
«2020 жылдың қорытындысы бойынша электрондық үкімет порталы арқылы 3541 автокөлік тіркелді. Ал, дәстүрлі түрде (мемлекеттік корпорация арқылы) — 79499 тіркеуге алынған. Онлайн форматта статистика көрсеткіштері төмен болғанымен, қостанайлықтар өздігінен қызмет ала бастағанын мойындаған жөн. Мүмкін пандемия түзетулер енгізген шығар. Бүгінгі күні эпидемиологиялық ахуал әлі де шиеленісті екенін ескере отырып, біз азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алудың баламалы (цифрлық) әдістерін қолдануды ұсынамыз. Бұл автомобильді тіркеуге қатысты. Қазірге таңда оны egov.kz электронды үкімет порталында тіркеуге болады», — деді« Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR менеджері Ярослава Богатырева.7064bb61-cd8d-480b-87ea-6c0c02e69d75Электрондық үкімет порталында автокөлікті тіркеу үшін сатушы мен сатып алушыға қарапайым әрекеттер алгоритмін орындау қажет.
Сатушы үшін:
1. Порталға кіріп, "Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
2. Сатылатын көлікті таңдап, сұранысты толтырыңыз. Сұрауда көлік құралын сатып алушының ЖСН көрсетіңіз.
3. ЭЦҚ-мен сұранысқа қол қойыңыз (электрондық цифрлық қолтаңба).
4. Сатып алушыдан растау алу.
5. Жеке кабинетіңізде («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген мерзімде келіп түсетін өтінішіңізді қарау туралы хабарламаны оқыңыз.
6. Сұранысты қараудың оң нәтижесі болған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »КЕАҚ мамандандырылған бөліміне жүгіну қажет. Сізде мемлекеттік тіркеу белгілерінің түпнұсқалары, көлік құралын тіркеу туралы куәлік болуы керек. 
Сатып алушы:
1. Порталдағы жеке кабинетке кіріңіз («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).
2. Күтудегі сұранысты қарап, өтінімді оқып шығыңыз.
3. Сұранысты толтырыңыз, мемлекеттік тіркеу белгілері мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мамандандырылған бөлімін таңдаңыз.
4. Төлеу:
• мемлекеттік тіркеу белгілері үшін мемлекеттік баж;
• көлік құралын тіркеу туралы куәлік үшін мемлекеттік баж;
• Тіркелу жарнасы.
Маңызды! Төлем ең жақын орналасқан автоХҚО-да төленуі қажет. 
5. Өтінімді ЭЦҚ-мен қол қою. (электрондық цифрлық қолтаңба).
6. Жеке кабинетіңізде («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген мерзімде келіп түсетін өтінішіңізді қарау туралы хабарламаны оқыңыз.
7. Сұранысты қараудың оң нәтижесі болған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »КЕАҚ мамандандырылған бөліміне бару қажет. Сізде мемлекеттік баж және алымдардың төленгенін растайтын құжаттар, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, мәміленің электрондық түріндегі құжат болуы керек.
Порталда қызмет тек жеке тұлғаларға қол жетімді.
"Бүгінде "лайфхак" термині біздің күнделікті өмірімізде жиі қолданылады, — дейді Ярослава Богатырева. — Мен оны қостанайлық автокөлік жүргізушілеріне ұсына аламын. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда азаматтардың қауіпсіздігі және автокөлікті онлайн режимінде тіркеудің өзектілігі туралы болғандықтан, біздің мемлекеттік корпорацияның өзіндік «лайфхакы» бар! Өзіңізді барынша қорғаңыз! Яғни, басқа қызмет алушылармен байланысты болдырмау. Сатып алушы жаңа нөмірлер мен көлік құралын тіркеу куәлігі үшін автоХҚКО-ға бармай-ақ ала алады! Осыдан бірнеше ай бұрын порталда жаңа функция  – «Автокөлікті тіркеу куәлігі мен нөмірін үйге жеткізу» қызметі іске қосылды".
Өтінімді рәсімдеу үшін «Электрондық үкімет» порталына кіріп, іздеу жүйесі арқылы «Көлік және коммуникациялар» қызметін табыңыз, «Автомобиль көлігі» бөлімшесінде «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін белгілеп, содан кейн авторизациядан өтіп, тапсырыс беру қажет.
Сондай-ақ, жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚКО атауы мен мекенжайын көрсете отырып, өтінімде көрсетілген барлық қажетті ақпаратты толтыру қажет. Сонымен қатар қызметке баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік смс-пароль арқылы тіркелу қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).266848f2-eea5-409a-b036-8cac8a60fc87Естеріңізге сала кетейік, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді ресімдеуге болады. Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓