Ауа райына байланысты жолдар жабылды

мороз
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қостанайда облыстық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомстваның мәліметінше, осы аптада өңірде қатты аяз болып, бұрқасын соғады.
12-ші қаңтар күнгі ақпарат бойынша облыстық маңызға ие «Қойбағар-Қарасу» және «Севастополь-Б.Чураковка» бағытындағы тасжол жабылды. Сондай-ақ республикалық маңызы бар «Мамлютка-Қостанай», «Екатеринбург-Алматы» тасжолдарының қозғалысы уақытша шектелді.
«Құтқарушылар ауа райының нашарлауы туралы ескертеді. Азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді «Дәрмен» қосымшасы арқылы қадағалауға, ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысты шектеуге шақырды. Сонымен қатар бұрқасын кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ұсынады.          «Қазгидромет» РМК филиалының деректері бойынша 2021 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде ауа температурасы -36 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметіне еліміздің барлық өңірлерінде қол жетімді «112» телефонына қоңырау шалыңыз», делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓