Жөндеу жүргізілгені – 25 нысан

сайт2

Облыс орталығындағы білім беру объектілерін жөндеуге жалпы сомасы 3,5 млрд теңге жұмсалса, оның ішінде жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге 7 күрделі жөндеу жүргізілген. Бұл білім беру саласының 1,7 мыңға жуық қызметкерінің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беріп, 21,4 мыңнан астам баланы оқытуға сапалы жағдай жасалып отыр.

сайт3

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының білім беру объектілерін аралап, 2020 жылғы күрделі жөндеу жұмыстарының қорытындысымен танысты. Шаһардағы 25 білім беру ордасына жөндеу жүргізілген. Атап айтқанда, №17 орта мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп, нәтижесінде 1480 оқушыны оқыту жағдайы және 106 педагогтің еңбегі жақсарған. Мектептегі асхана, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана толығымен жөнделіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал оқу кабинеттерінде оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалыпты.

сайт4

Үшінші тоқсанның басында коронавирустық инфекция пандемиясының таралуы жағдайында мектепте 1-5 сыныптардың 32 кезекші тобы оқиды, ал 9 және 11-сынып оқушылары аралас форматта оқуға кіріскен, қалған параллельдер үшін қашықтан білім беру ұйымдастырылып отыр.

сайт5

«Біздің балаларымызға осындай керемет жағдайлар жасалғаны өте маңызды, кабинеттерде интерактивті жабдықтар мен жаңа жиһаздар бар, бұл оқушыларды бірден тәртіпке келтіреді, оларды туған мектебін сақтауға және сүюге үйретеді. Менің бірінші сынып оқушыларым кезекші топтың сабақтарына қуана келіп жүр» — деп атап өтті бастауыш сынып мұғалімі Роза Зейнекина.

4-сынып оқушысының анасы Валентина Позднякова балалардың оқуға жаңа ынтасы болатынына, ал мектеп ұзақ уақыт бойы сондай жарқын және жаңа болып қалатынына сенімді.

сайт6

Сонымен қатар, өңір басшысы №27 балабақшасында болып қайтты. Енді бөбекжайдың 300 тәрбиеленушісі мен 72 қызметкері үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған. Ғимаратта балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған жеке бассейн, жеке спорт және музыка залдары бар. Жайлы жатын бөлмелер, жарқын және ыңғайлы топтар, оқу жабдықтары – барлығы сапалы мектепте білім алуға бағытталған. Бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Мария Хмара бөлмелер мен кабинеттерді түбегейлі өзгерткеннен кейін жаңа туындылар жасап, жаңа биіктерге жетіп, балалармен жұмыс жасаудан одан да көп қанағаттанатынын айтады. Ата-аналар қауымдастысайт7ғы да қуанышын жасырмай отыр.

«Біз бұрын да өзіміздің бақшамызды жақсы көретінбіз, бірақ жөндеуден кейін, ғимараттың өзі әдемі болғанына мен балабақшаларға назар аударылғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Өзінің футбол алаңы, жаңа верандалары, ойын алаңдары пайда болды. Ата-ана ретінде қуанышым шексіз, өйткені сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған, осы жерден алған алғашқы білімдерімен біздің балалар мектепке барады» — деді екі тәрбиеленушінің анасы Динара Мұртазенова.

сайт8

Мысалы, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектептер карантиндік шараларды жеңілдету жағдайында жұмыс істейді. Атап айтқанда, 495 мектептің  381-і дәстүрлі режимде жұмыс істейді, онда 30,7 мың оқушы немесе 28% білім алады. Қалған мектептерде кезекші сыныптар ұйымдастырылған, 1-5 сыныптарда (31133 бала). Бітіруші 9 және 11 сыныптар үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылған: пәндердің 70%-ы әдеттегі, 30%-ы қашықтан. Қашықтан оқытуда 114 мектеп 38,5 мыңға жуық немесе 34% оқушыны қамти отырып, жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, барлық колледждерде 1 курс студенттері дәстүрлі режимде оқуды бастайды, бұл 7 мың адамды құрайды.

Облыста мұғалімдер мен оқушылардың коронавирустық инфекциямен ауыруына жол бермеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Мектептерде барлық санитарлық нормаларды сақтау үшін барынша жағдай жасалған. Барлық қажетті дезинфекциялық құралдарды сатып алуға бюджеттен 375 млн теңге бөлінді. Барлық білім беру объектілерінің кемінде 3 айлық қоры бар, қажет болған жағдайда қосымша қаражат бөлінетін болады.

сайт1Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓