Бейтарап бақылаушылар даярлануда

Алдағы қаңтар айындағы сайлаудың әділ және ашық өтуін бақылаушылар назарда ұстайтын болады. Осыған орай Қостанай облысындағы және қаласындағы сайлау пунктері жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында партиялық емес бақылаушылар даярланып жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.bd1134c8-4be9-4e52-ac6b-9dd820bf2d6d
Брифингтің спикерлері сайлауды объективті бақылаудың негізгі қағидаларын атады. Саяси науқан кезінде демократияның көрініс табуына барынша мән беретіндіктерін айтты. Бейтарап бақылаушыларды даярлаудағы мақсат сайлау процесін жақсартып, даулы мәселелердің алдын алу және азайту екен.c2ef090e-b19b-42fb-8158-5de7bb996600
-Сайлау процесіне тәуелсіз сарапшылардан бөлек, жергілікті және халықаралық бақылаушылар да қатысады. Олардың жалпы саны бізге беймәлім. Бақылаушылардың міндеті сайлаудың әділ және адал болуына ықпал ету. Ал біздің, партиялық емес бақылаушылардан жүзге жуық адам саяси оқиғаның ашық та шынайы өтуіне үлес қосады деген сенімдемін,-деді Қостанай облысының партиялық емес бақылау орталығының жетекшісі Болат Қалиев.
Қымбат Досжанова

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓