Өндірісі өрге басқан отбасы

Қазақстанның жиһаз нарығын жаулап алған қостанайлық Water World компаниясы 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Шағын ғана цехтан ірі фабрикаға айналған өндіріс орнын Владимир-Ольга Черевковтар басқарады. Бұл туралы "Наш Костанай" тілшісі жазады.
Олар бес жыл бұрын ванна бөлмесінің жиһаздарын шығарумен бастады. Ағылшын тілінен аударғанда "су әлемі" деген мағынаны беретін Water World деген атауының өзі әуел баста қолға алған кәсіптеріне орай қойылған. ashatfoto-2-810x541Осы өндірісті өрге домалату үшін ерлі-зайыпты кәсіпкерлер бизнес-жобаларына қолдарында бар бүкіл мүмкіндіктерін салып, ішінара туысқандары көмектескен. Барлық қаржылық мәселелер шешілгеннен кейін олар Қостанайдағы өнеркәсіптік аймақтан ангар түріндегі қарапайым цехті жалға алады. Ең қажетті деген құрылғылар, материалдар сатып алып, жұмысшылар командасын, яғни жобалаушылар мен дизайнерлерді маңына жинапты. Осылайша, іс алға жоспардағыша ілгерілей берген. Олардың айтуынша, өнідістерін елордада және Алматы қаласында да өрістетуге мүмкіндіктері болған, әйткенмен логистикалық тұрғыдан нақ осы Қостанай ең қолайлы қалалардың бірі болып шығыпты.
"Қолайлы дейтініміз, Қостанай шекаралық аймақта орналасқан. Жасырары жоқ, жиһаз құрауға қажетті ең қолжетімді және салыстырмалы түрде арзанырақ материалдар Ресейде өндіріледі, сондықтан біз сол жақтан әкелеміз", — дейді ерлі-зайыпты кәсіпкерлер.ashatfoto-1-kopijaСонымен, Черевковтар жуыну бөлмесінің жиһаздарын жасаудан бастап, біртіндеп асүй гарнитураларын, дастархан үстелдерін өндіріп, осы жылдан бастап жұмсақ жиһаз бен жатын бөлме гарнитуралары желісін іске қосты. Өндіріс толықтай автоматтандырылған, әр станок басында білікті мамандар бар. Бәріне белгілідей, жиһаз импортының көп үлесі Ресей, Украина және Белоруссиядан әкелінетін болса, Қазақстан бойынша аталмыш елдер өндірісімен иін тірестіре алатын фабрика әзірге осы қостанайлықтар ғана екен. Оның үстіне, шеттен келген тауарлардан  30-40% арзан сатылады. Сапа жағынан да есе жібермейді. Бүгінде бұл компанияның Қазақстанның әр қалаларында бес бірдей желілері бар екенін айта кету керек. Өнімдері Ресей мен Қырғызстанға экспортталады. Қостанайлық кәсіпкерлер өз кәсіптерінің әлде де қанат жая түсетінінен күдер үзбейді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓