Емхана қайта жөнделді

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінде толыққанды заманауи емхана пайдалануға берілді.  1985 жылы салынған жергілікті дәрігерлік амбулатория ғимараты соңғы он жыл ішінде еш жөндеу көрмеген еді. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында емханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Оған 190 млн теңге жұмсалды.f3d04a4a-a410-41c7-a34d-a162c4014e49 Мұның сыртында емхананы тиісті жабдықтармен қамту үшін облыс қазынасынан 15 мл теңге бөлінді.  Барлық жұмыстар сапалы және мерзімінде орындалды.  
«Облыста алғаш рет  биыл он алты денсаулық сақтау нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Оларға 4 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл өткен жылдарға қарағанда бірнеше есе көп. Осылайша біз облыс бойынша көптеген медициналық мекемелерімізді толық жабдықтадық», — дейді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.  
Биыл бөлінген қаражаттың арқасында ғимараттың тек сырты ғана емес, іші де жарқырай түсті.  Жаңа жиһаздар мен  медициналық жабдықтар сатып алынды.  «ТоргСтройМонтаж» ЖШС  мердігері алты  ай ішінде барлық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесі, өрт және қауіпсіздік дабылы орнатылған. c3f6c523-6b5d-425c-aad0-2c5afe3572cf«Ауыл болашағы зор, халық саны артып келеді. Бүгінгі таңда төрт учаске, жалпы практика дәрігерлері жұмыс істейді, сондықтан алдағы уақытта жаңа жабдықты, аппаратураны қажеттілігіне қарай жаңартуды одан әрі жетілдіретін боламыз. Медициналық көмек көрсету үшін осы амбулаторияға санитарлық машина бөлінді», — деді аудандық аурухананың бас дәрігері Бекболат Уәлиев.
Бұл емханада жеті мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Тек бір ауысымда 30-дан астам өтініш тіркеледі. Амбулаторияда төрт жалпы тәжірибелік дәрігер жұмыс істейді.
 
Әлібек Ыбырай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓