Қазандық құрылысы қарқынды

Арқалық қаласы биыл соңғы рет мазутпен жылытылып жатыр. Алдағы 2021-2022 жылыту маусымында көмірмен жұмыс істейтін жаңа қазандық іске қосылмақ. Қазіргі уақытта құрылысы қарқынды жүріп жатыр.01
«Арқалық қаласының жылу жүйесін қайта жаңғырту — 2030»  – мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан жоба. Құрылыс мердігері – алматылық «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС. Жоба құны – 7 млрд 444 млн теңге. Қазіргі таңда аталған соманың жартысына жуығы игеріліп, құрылыс жұмыстарының 50%-і аяқталып аяқталған. Жоба бойынша 162 адам жұмыспен қамтылды. Оның жартысына жуығы – жергілікті тұрғындар. Одан бөлек, 20 арнайы техника жұмыс атқаруда.
"Қазандық құрылысы әлі жалғасып жатыр. Қыста да атқарылатын жұмыстар бар",-дейді қалалық Тұрғын үй құрылысы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ернұр Бақтемірұлы.
 Жалпы, қала 2020-2021 жылыту маусымын 6 мың 440 тонна мазут қорымен бастаған болатын. Қалаға сұйық отын жеткізу жалғасады. Барлық жылыту кезеңіне шамамен 22 мың тонна мазут қажет. 
 
Мұрат Жүнісұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓