Еңбегі еленді

Коронавирус дертімен күресте ерекше көзге түскен азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталуда. Бұл марапат медицина, құқық қорғау органдары, әскери сала өкілдеріне беріледі. Арасында жағдайы жұтаң жандарға қол ұшын созған волонтерлер де ескерілді. Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Амангелді ауданының тұрғыны Әсел Нұрланқызы Шіменбаева  алғашқы болып «Халық алғысы» медалімен марапатталды.DSC_0074-1024x678
-Құрметті Әсел Нұрланқызы! Сізді  бүгінгі Президент күні мерекесінде ҚР-ның Тұңғыш Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық алғысы» медалімен марапаттауға рұқсат етіңіз.  Бұл медаль халыққа шын жаны ашып, қиын кезде қолұшын созған жандарға деген үлкен марапатты, алғысты білдіреді. Сізге және Сіздің отбасыңызға аудан әкімінің және халықтың тарапынан зор алғысымды білдіремін! Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман, өміріңіз бақытқа толы болсын!- деді марапатты табыс еткен аудан әкімінің орынбасары Сүндет Ғаниев.DSC_0072-1024x678
Әсел мүмкіндігі шектеулі жан бола тұра, бос қарап отырмай, мыңдаған маска тігіп, халыққа тегін  таратты. Көп балалы аналарға, балаларға, аз қамтылған отбасыларға масканы тегін апарып берді.DSC_0068-1024x678
«Менің кішкентай еңбегімді бағалап, үйіме келіп, мерекелік медальмен марапаттап, сый-сыяпатын көрсетіп жатқан аудан басышыларына алғысым зор!»- дейді Әсел Нұрланқызы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓